Мал азығы дақылдарының егіс көлемі – 92,5 мың гектар. Қазіргі күнге дейін өңірде 994 мың тонна мал азығы жиналды. Атап айтқанда, 82,8 мың гектар көпжылдық шөптің бірінші шабындығы аяқталып, екінші шабын жүріп жатыр. Біржылдық шөп – 7 мың гектар, табиғи шабындық – 107 мың гектар көлемінде орылды. 76 мың тонна сабан, 15 мың тонна жем және 786 мың тонна шөп дайындалды. Сонымен қатар, 117 мың тонна пішендеме басылды.
Облыстағы малды қысқа дайындау үшін 2,89 млн тонна жем-шөп қажет. Оның 653,4 мың тоннасы – өткен жылдан қалған қор. Ауылдарда шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүруде.