П
Спорт • 01 Қазан, 2025
Белгілі кәсіпкер қақпашы Шерхан Қалмұрзаға қымбат көлік сыйлады
Қақпашы Шерхан Қалмұрзаға қымбат көлікті белгілі бизнес-блогер Ұлықбек Шарипов сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қазан, 2025
Монополистер 20 млн теңгеден астам айыппұл арқалады
Павлодар облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті жыл басынан монополист компанияларға жоспардан тыс жеті тексеру жүргізген. Нәтижесінде бес заң бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қазан, 2025
Павлодарда жылу-электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Павлодарда орналасқан ЖЭС-2 кәсіпорнында тағы бір қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қазан, 2025
Павлодарда белгісіз індеттен 1,5 мыңға жуық үй құсы қырылып қалды
Облыстың төрт ауданында қауырсын қанаттылар жаппай өліп жатыр. Ветеринарлар әзірше оның себебін таппай отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Кипр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Қазан, 2025
Цифрлық сауаттылықты балаларға мектептен бастап үйреткен дұрыс - Тоқаев
Бүгін Мемлекет басшысы бір топ ұстазды Ақордада қабылдап, еліміздегі педагогтерді алдағы кәсіби мерекемен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 01 Қазан, 2025
Табиғи монополиялар «жөндеу жұмыстары» арқылы табыс тапқанды жөн көреді — Мәжіліс депутаты
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Е. Бейсенбаев Үкіметтің ауқымды инвестициялары 13 трлн теңгеден асатын энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыруға табиғи монополиялар субъектілері мүдде танытуға құлықсыз болып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 01 Қазан, 2025
Бір палаталы парламент құрудың маңызы талқыланды
30 қыркүйекте Еуразиялық интеграция институты «Ашық саясат» сараптамалық клубының «Қазақстанда бір палаталы парламент құру және партиялық жүйені дамыту перспективалары» тақырыбындағы кезекті отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz
Заң мен Тәртіп • 30 Қыркүйек, 2025
Әділ қоғам орнатудың алғышарты
Елдің дамуы мен қоғамның тұрақтылығы ең алдымен заң үстемдігі әрі тәртіпке бағыну мәдениетіне тікелей байланысты. Өйткені заң бар жерде құқық қорғалады, тәртіп бар қоғамда теңдік орнайды. Мемлекеттің іргесі берік болуы үшін заңның беделі биік тұруға тиіс, ал азаматтар өз кезегінде сол заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауы қажет. Сондықтан да Президентіміз биылғы Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатын мемлекетіміздің мызғымас тұғыры деп айрықша атады.
Президент • 30 Қыркүйек, 2025
Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1-3 қазан күндері Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Шаруашылық • 30 Қыркүйек, 2025
Жетісуда күріш алқабына орақ түсті
Жетісу облысының Қаратал ауданында биылғы күріш жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Бұл өңір – облыстағы күріш өсіретін жалғыз аймақ. Жалпы 951 гектар алқапқа егілген дақылдан 3 мың тоннадан астам өнім алу жоспарланып отыр. Орташа түсім – гектарына 32,9 центнер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты
Алматы — Бішкек тас жолында болған жол апатынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 30 Қыркүйек, 2025
Бейсенбай Тәжібаев жаңа қызметке тағайындалды
Кейінгі 3 жылда Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бейсенбай Тәжібаев Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2025
Шымкентте судьялар спорттан сынға түсті
Жуырда Шымкентте Қазақстан Судьялар одағы XI Спартакиадасының финалдық кезеңі өтті. Екі күнге созылған жарысқа еліміздің әр өңірінен 20 команда қатысты. Бұл сында судьялар спорттың 9 түрінен атап айтқанда, шағын футбол, волейбол, арқан тарту, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбыдан өзара бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
Алматы жаңа мәртебеге ие болды
29 қыркүйек күні Әзербайжанның Гянджа қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты
Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуымен құттықтап, бүгінгі іс-шараның мән-маңызы ерекше екеніне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 30 Қыркүйек, 2025
«Ақылды каска» өндірістегі қауіпсіздікті қадағалайды
Минскідегі «ИННОПРОМ.Беларусь» халықаралық көрмесінде Қазақстандық Best Vision Technologies компаниясы өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған «ақылды каска» сериялық өндірісін келушілер назарына ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 30 Қыркүйек, 2025
Кезектен тыс парламент сайлауы өтеді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жогорку Кенеш депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күнді белгілеу туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Атырау облысының жаңа прокуроры тағайындалды
Бас Прокурордың бұйрығымен енді Атырау облысының прокуроры қызметін Мадияр Басшыбаев атқарады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2025
Ақтоғайлық кәсіпкер ауылына спорт кешенін салып берді
Ақтоғай ауданына қарасты Қызыларай ауылының тумасы, кәсіпкер Серік Қасымбеков туған еліне тарту жасап, 60 миллион қаражатқа заманауи спорт кешенін салып берді. Ел еңсесін көтерген бұл жаңалық ауыл тұрғындары үшін зор қуаныш, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 29 Қыркүйек, 2025
Алматы полициясы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы алдында мәлімдеме жасады
Алматы полициясы алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы УЕФА аясында өтетін халықаралық футбол ойынына сақадай-сай дайын екенін хабарлады. Матч ертең, 30 қыркүйекте өтеді. Бұл шара бүкіл қала үшін үлкен спорт мерекесіне айналып, қауіпсіздік пен тәртіпке ерекше назар аударуды талап етеді, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 29 Қыркүйек, 2025
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласындағы Ақсай полиция бөлімі қызметкерлері жедел шаралар өткізіп, үй ауласында есірткі өсірген тұрғынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 29 Қыркүйек, 2025
Кәсіподақтар күніне арналған тазалық акциясы
Петропавлда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында кәсіподақ қызметкерлері Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 және Кәсіподақ федерациясының ашылғанына 35 жылдығына арналған тазалық акциясына шығып, кәсіподақ ардагерлеріне арналған аллеяны және оның төңірегін түгел тазалап шықты деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Сатып алушыны алдаған автосалон жазасын тартты
Петропавлда сатып алушы өзін алдаған автосалонды сотқа беріп жеңіп шықты деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Тоқаев Италия Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелланы І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қыметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Шымкентте интернет алаяқтардың қылмыстық тобы қолға түсті
Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы күрес бастады. Соның аясында Шымкент, Алматы қаласы мен Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Тексеру барысында күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 9 жайтына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген материалдық шығын жалпы сомасы 141 миллион теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2025
Түркістанда триатлоннан Азия кубогы өтті
26–28 қыркүйек күндері Түркістанда Asia Triathlon Cup Turkestan 2025 жарысы өтті. Түркі дүниесінің рухани астанасында ұйымдастырылған додаға Азиямен қоса Еуропаның мықты триатлеттері жиналды. Барлығы 12 елдің спортшылары бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Ақордада Италия Президентін қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 29 Қыркүйек, 2025
Жаңа оқулықтарға сараптама жүргізіледі
Жаңа мектеп оқулықтарын сараптауды Оқу-ағарту министрлігінің Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады. Бүгін басталатын шара 34 пилоттық мектепте жүргізіліп, 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа оқулықтарды қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2025
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жайлы тың ақпарат шықты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражатты заңсыз шығару фактілері бойынша жинақ иелеріне жауапкершілік жүктелмейді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.