
Фото: pinterest.com
Құжатқа сәйкес, сайлау 2025 жылдың 30 қарашасында өтеді.
Президент орталық сайлау және референдум өткізу комиссиясына кезектен тыс сайлауды ұйымдастыруды және қашықтан дауыс беруді қолдануды тапсырды. Ал Үкімет қажет қаржымен қамтамасыз етуге міндеттелді.
Айта кетейік, 25 қыркүйекте Қырғызстан парламенті – Жоғорку Кенеш таратылды. Заң шығарушы органның VII шақырылымындағы депутаттар осындай шешім қабылдады.
Парламенттің таратылуының себебін ел депутаты Ұлан Примов бюджетті үнемдеумен түсіндіреді.
«Жергілікті заңнама бойынша, парламент сайлауы 2026 жылғы қарашада, ал президент сайлауы содан бір жарым айдан кейін өтуі керек. Мұндай жағдайда көп шығын кетіп, Орталық сайлау комиссиясының жұмысын қиындатады», дейді ол.