
Тереңкөл, Железин, Шарбақты және Ақтоғай аудандарында үй құстары өліп жатыр. Тұрғындардың айтуынша қауырсын қанаттылардың қырылуы қыркүйек айының басында тіркелген. Қаз, үйрек, тауықтар бастарын қанатының астына тығып алған күйі сұлап түседі.
Ветеринария басқармасы құстардың қырылуын растады. Бірақ әзірше індеттің нақты себебі белгісіз. Сондықтан мамандар дезинфекциялық шараларды әлі бастай алмай отыр.
- Өткен жұмада ветеринария бойынша референдтік орталықтан мамандар келіп, жабайы құстардың да сынамаларын зерттеуге алды. Бірақ әлі күнге дейін нәтижесі келген жоқ. Облыс бойынша өлген құстың саны 1,5 мыңға дейін жетеді, дейді өңірлік ветеринария басқармасының бөлім басшысы Ғалым Бейсенов.
Павлодар облысы