Президент • 30 Қыркүйек, 2025

Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1-3 қазан күндері Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді

Сапар аясында президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады.