Президент • Кеше

Қ.Тоқаев Кипр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі, деп жазады Egemen.kz.

Қ.Тоқаев Кипр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Астана мен Никосия арасындағы ынтымақтастықтың аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар екі елдің өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.