Ақ
Көрме • 05 Мамыр, 2025
Таза қанды тазылар таныстырылды
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы қазақы тазының халықаралық деңгейде тіркелгенін атап өтіп, бұл оқиғаның ел мәдениетінде маңызды орын алатынын жеткізген болатын. Осыған орай EXPO халықаралық көрме орталығында Astana Winner 2025 халықаралық иттер көрмесі мен «Қазақы тазы – 2025» моно тұқымды иттер көрмесі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 05 Мамыр, 2025
Енді жолдың сапасын халық бақылайды
Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын арттыруға бағытталған «Халықтық бақылау» ауқымды жобасын іске қосты. Енді әрбір азамат елде салынып жатқан күрежолдың жай-күйін бағалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Мамыр, 2025
Биыл елімізде 150-ге жуық білім беру нысаны ашылды
Бұл республика көлемінде білім беру саласын жаңа нысандармен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Соңғы төрт айда тек мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде 126 нысан балалар игілігіне беріліп, соның нәтижесінде 8,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған 4100 кеңес беру пункттері де жаңа ғимаратта жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz. Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 04 Мамыр, 2025
«Қазгидромет» РМК 4 мамырға арналған ауа-райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2025
Қотыркөл көлінің жағалауында иесіз тұрған катамаранды көзі шалған бес бала түн қараңғысын жамылып, серуендемек болған.
Денсаулық • 03 Мамыр, 2025
Көкшеде күн енді жылына бастаса да, кене шағудың 76 дерегі орын алды. Былтыр 415 оқиға тіркелген екен. Демек, кенеден келетін кесапат аз болмайтын сыңайлы.
Қоғам • 03 Мамыр, 2025
Талдықорғанда әлеуметтік осал топтарға 1,4 млрд теңгеге жуық көмек көрсетілді
2024 жылдың қорытындысы бойынша Талдықорған қаласында әлеуметтік қолдау шаралары аясында 8 357 азаматқа көмек көрсетілді. Бұл санатқа аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты қарттар және басқа да әлеуметтік осал топтар кіреді. Қалалық әкімдіктің бастамасымен аталған азаматтарға нақты қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Әдебиет • 03 Мамыр, 2025
Қарадала өңіріндегі Шонжы ауылында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев пен ұйғыр этносының талантты ақыны Илья Бахтияға (Молотов) арналған «Өлең мен достық – ескерткішке айналған рух» атты композициялық ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қоғам • 03 Мамыр, 2025
Су саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары әзірленді
Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласында жұмыс істейтін мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін бірқатар іс-шаралар әзірледі.
Қоғам • 02 Мамыр, 2025
Ел өңірлерінде азық-түлік бағасы қандай
Қазақстан азық-түлік бағасы индексі бойынша әлемнің 139 елі ішінде 21-орынға жайғасты. Бүгінде бұл мәселе – әлемнің көптеген елінде өзекті. Әсіресе соңғы жылдары азық-түлікке кететін шығын халықтың негізгі тұтыну себетінде ең үлкен үлес алып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 02 Мамыр, 2025
ТЖМ тікұшағы Екібастұздан Павлодарға екі сәбиді шұғыл эвакуациялады
Сәбилерге шұғыл мамандандырылған медициналық көмек қажет болды. Бұл туралы Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Спорт • 02 Мамыр, 2025
Әбиба Әбужақынова дзюдодан Душанбедегі Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Астанада «Қазақстан – майдан арсеналы» көрмесінің ашылуы өтті
2025 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі Тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің бірлескен жобасы – «Қазақстан – майдан арсеналы» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрме Ұлттық музейдің Атриум залында ұйымдастырылып, 9 маусымға дейін жалғасады. Бұл мәдени шара – еліміздің тарихындағы маңызды белестердің бірі – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Мамыр, 2025
Елімізде әскери ұшақтар ақылы қызмет көрсетуі мүмкін
Елімізде әскери-көліктік авиациясын азаматтық және коммерциялық жүк тасымалында пайдалануға рұқсат беретін заң жобасы ұсынылды. Бұл құжатты ҚР Қорғаныс министрлігі әзірледі. Жоба аясында бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Шиелідегі балабақшада бүлдіршінді 25 жерінен тістелеп тастаған
Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы балабақшалардың бірінде 1,5 жасар баланы қатарластары 25 рет тістелеп тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 02 Мамыр, 2025
Катонқарағай паркінде қар барысы екі рет фототұзаққа түскен
Сирек кездесетін жабайы жануар – аталған ұлттық табиғи парктің Аршаты орманшылығында тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 02 Мамыр, 2025
Балалар ел ішінде ұшақпен тегін саяхаттай алады
2022 жылдан бастап Қазақстанда ішкі туризмді қолдау және дамыту мақсатында балалар үшін жеңілдік енгізілген. Оған сәйкес, ел ішінде саяхаттайтын 2-ден 17 жасқа дейінгі балалар ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл шығындар мемлекет тарапынан өтеледі. Осы қызметті қалай алуға болады? деген сауалға Egemen.kz тілшісі жауап іздеп көрді.
Әлем • 02 Мамыр, 2025
АҚШ пен Украина бірлескен инвестициялық қор құрды
Бүгін АҚШ пен Украина арасында елдің табиғи ресурстарын бірлесіп игеру және соғыстан қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру мақсатында инвестициялық қор құру туралы маңызды келісім жасалды. АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент пен Украина премьер-министрінің орынбасары Юлия Свириденко бұл келісімге ресми түрде қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 02 Мамыр, 2025
Жеті өңірде каналдарды тазарту жұмыстары басталды
Аталған жұмыс – суару маусымын қалыпты өткізіп, диқандарды суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 01 Мамыр, 2025
Астанада субұрқақтар іске қосылды
Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Мамыр, 2025
Президент Канаданың Премьер-министрін құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев федеральдық сайлауда Канада Либералдар партиясының жеңіске жетуіне орай Премьер-министр Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Мамыр, 2025
Ортақ Отан тоғыстырған құндылықтар
Қазақстанда Бірлік пен татулық мерекесі 1996 жылдан бері тойланып келеді. Елімізге сан тағдырмен келген өзге этнос өкілдері арамында берік ірге қалау үшін 1-мамыр мерекесі 1995 жылдың 18 қазанында тұңғыш Президенттің арнайы жарлығымен бекітілген болатын. Үш онжылдық тоғысында мемлекеттік саясат, Қазақстан халқы Ассамблеясы, қоғам қолдауы сынды үштаған талай сын шақта іргесі сөгілмей, ұлттар достығының озық үлгісін көрсетіп келеді. Ассамблеяның 30 жылдығы мен мереке аясында қазақ топырағында тату тірлік кешіп отырған этнос өкілдерімен Ортақ Отанымыз Қазақстан тоғыстырған халықтар достығының басты құндылықтары туралы сөйлестік, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2025
Әуе толқынына Jibek Joly радиосы қосылды
1 мамырдан бастап елімізде «Jibek Joly» радиосы хабар тарата бастайды. Бұл - ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа медиажобасы, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет • 30 Сәуір, 2025
Алматыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған көрме ашылды
Алматыдағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқаны бар елдің шоқтығы биік» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Сәуір, 2025
Ардақ Назаров ажырасатын отбасыларға салық салуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында Қазақстандағы отбасы институтының әлсіреуіне алаңдаушылық білдіріп, ажырасудың алдын алу мақсатында нақты ұсыныстарын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта отбасы құндылықтары үлкен дағдарысқа ұшырап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Сәуір, 2025
Депутат «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиімділігін арттыруды ұсынды
Дептутат Мақсат Толықбай «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысына алаңдаушылық білдіріп, Үкімет пен салалық министрліктерге нақты ұсыныстар жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 30 Сәуір, 2025
Майдангер қаламгерлердің шығармалары аудиокітап форматында жарық көрді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай алғаш рет тың тарихи-мәдени жобаны іске асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2025
«Ақтөбе» ФК қызметкерлері ойыншылардың тамағына бөлінген қаржыны жымқырған
Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша «Ақтөбе» футбол клубының қызметі тексерілген. Бас прокуратураның баспасөз қызметі тексеру барысында 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Сәуір, 2025
Су мамандарының алғашқы тобы Қытай мен АҚШ-та оқып келді
Сала министрлігінің өкілдері шетелден оралған мамандармен кездесті. Министрлік мәліметінше барлық курстар қабылдаушы елдер есебінен, халықаралық келісімдер-бағдарламалар шеңберінде ұйымдастырылғандықтан, оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбеген, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2025
Отандық астықты экспорттау көлемі ұлғайған, деп жазады Egemen.kz.