
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Жобаларды іске асыру қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, апатты 15 мектептің мәселесін шешуге, үш ауысымды оқыту мен 150 мыңға жуық оқушы орнының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ биыл 248 мектеп реновациядан өтіп, шатырлар ауыстырылады, қасбеттері-терезелер жаңартылады, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізіліп, аумақтары абаттандырылады.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше қосымша 1000 ауыл мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз жаңартылады, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жабдықталады. Сонымен қатар химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынып жатыр.
Еске салайық, 2019 жылдан бері салада ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді. Содан бері 1200 жаңа мектеп ашылып, 1 миллионнан астам оқушы орны қамтамасыз етілген.