
Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, құрылыс нарығындағы негізгі салмақты жеке құрылыс ұйымдары көтеріп отыр, яғни жалпы көлемнің 91,2%-ы осы сектордың үлесінде. Шетелдік құрылыс ұйымдарының үлесі – 7,7%, ал мемлекеттік мекемелер – небәрі 1,1% жұмыс атқарған.
Құрылыс көлемінің ұлғаюы, әсіресе, имараттар (20,7%) мен тұрғын емес ғимараттардың (11,6%) құрылысы және жөндеу жұмыстарының қарқын алуымен байланысты.
Құрылыс бағыттары бойынша:
- Тұрғын емес ғимараттар құрылысы – 25%;
- Автомобиль, теміржол және метрополитен құрылысы – 19,7%;
- Тұрғын үйлер салу – 13,3%.
Бұл көрсеткіштер салада коммерциялық және инфрақұрылымдық жобалардың басымдыққа ие екенін көрсетеді.
Сонымен қатар еліміздің 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің артуы тіркелген. Ең жоғары өсім келесі аймақтарда байқалды:
- Маңғыстау облысы – 2 есе;
- Қызылорда облысы – 64,5%;
- Түркістан облысы – 46,6%;
- Астана қаласы – 51,8%;
- Ақмола облысы – 39,8%;
- Павлодар облысы – 37,4%;
- Алматы қаласы – 24%