# Құрылыс
Құрылыс • 24 Сәуір, 2026
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Кендірлідегі жаңа әуежай 2027 жылы іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 09 Сәуір, 2026
Оралда көпір құрылысы басталады
Орал қаласында жаңадан салынып жатқан «Ақжайық» шағын ауданын шаһар орталығымен жалғайтын жаңа көпірдің қазығы қағылды.
Құрылыс • 07 Сәуір, 2026
Жүгері өңдеу зауытының құрылысы басталды
Сыр өңірінде жүгеріні терең өңдейтін жаңа өндіріс орнының іргетасы қаланды. Жоба агроөнеркәсіп кешенін дамыту және өңдеу саласын кеңейту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі саналады.
Құрылыс • 01 Сәуір, 2026
Енді Катонқарағайға ұшақпен жетесіз
Алып әуе кемелерін қойып, автобус бұрылмайтын Өрнек ауылының тұсында халықаралық әуежай салынып жатыр. Бұл – ауданның ғана емес, Шығыстағы туризмнің дамуына серпін беретін үлкен жоба. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған әуежайдың іргетасы Зайсан, Катонқарағайда былтыр наурызда қалана бастады. Бүгінде Катонқарағайдағы әуежай құрылысының 52%-ы аяқталып үлгерген.
Құрылыс • 31 Наурыз, 2026
Елде тұрғын үй құрылысы қарқынын жоғалтқан жоқ. Былтыр пайдалануға берілген баспана көлемі 20,1 млн шаршы метрге жетті. Бұл көрсеткіш құрылыс нарығының тұрақты дамып келе жатқанын аңғартады. Сарапшылардың пікірінше, жеке құрылыс компанияларының белсенділігі мен ірі қалалардағы жоғары сұраныс саланың негізгі тірегіне айналып отыр.
Құрылыс • 17 Наурыз, 2026
Құрылыс нарығы: Қай компания салықты көп төлейді?
Қазақстандағы құрылыс секторы ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс секторы ІЖӨ-нің 6,1%-ын немесе 9,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте еліміздің құрылыс саласы бір жыл ішінде 15,9%-ға өсті, бұл – экономиканың барлық салалары арасындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 14 Наурыз, 2026
«Қазгидромет» ескерткендей, Астанада бірнеше күн ауа райы күрт құбылып, екпіні қатты жел жұртты әбден әбігерге салды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардың ішінен қаладағы 9 қабатты тұрғын үйдің сыртқы жабындысы опырылып түскені баршаның назарын аударды. Көңілге демеу болатыны, зардап шеккендер жоқ.
Құрылыс • 10 Наурыз, 2026
Құрылыс кодексі: Жаңа құжатқа қандай қағидаттар енгізіледі?
Саланы жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев тұрғын үй саясатын реформалау, құрылыс көлемін арттыру және саланы цифрландыру бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндады. Министрдің айтуынша, 2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі рекордтық деңгейге жеткен, ал алдағы жылдары бұл көрсеткішті одан әрі арттыру жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Наурыз, 2026
2026 жылы тұрғын үй құрылысына қанша қаржы бөлінеді?
2026 жылы Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамытуға шамамен 2,4 трлн теңге бағытталған. Бұл туралы «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингінің (ҰИХ) басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше