Құрылыс • Бүгін, 11:24

2026 жылы тұрғын үй құрылысына қанша қаржы бөлінеді?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2026 жылы Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамытуға шамамен 2,4 трлн теңге бағытталған. Бұл туралы «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингінің (ҰИХ) басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылы тұрғын үй құрылысына қанша қаржы бөлінеді?

Фото: Ашық дереккөз

Нұрболат Айдапкеловтың мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бәйтерек холдингі өзінің еншілес ұйымдары – Қазақстан тұрғын үй компаниясы және «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй құрылысын қолдауда белсенді жұмыс атқарған. 2025 жылы осы құрылымдар арқылы тұрғын үй құрылысына жалпы 2,35 трлн теңге бағытталған.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясының ағымдағы қаржы көздері мен нарықтық қарыздар есебінен тұрғын үй құрылысын қолдауға бөлінген сома – 707,5 млрд теңге», деді ол.

Бұл қаражат 3 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 35,6 мың пәтерді пайдалануға беруге мүмкіндік берген. Ел бойынша көппәтерлі тұрғын үйді іске қосуда компанияның үлесі – 22%.

Астанада үлескерлерді алдаған тұрғын үй кешендеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сонымен қатар 238,2 млрд теңге көлеміндегі облигациялық қарыздар нарықтық шарттармен тартылып, өңірлерге бағытталған, оның ішінде:

  • Жалға берілетін тұрғын үйге 150,4 млрд теңге;
  • Инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге 87,8 млрд теңге.

Кредиттік тұрғын үйді қаржыландыру шеңберінде 140,2 млрд теңгеге әкімдіктердің бағалы қағаздары сатып алынған. Осылайша, ағымдағы көздер мен нарықтық қаражатты араластыру арқылы 1,8 млн шаршы метр немесе кезекте тұрғандар үшін 23 мыңға жуық әлеуметтік пәтер белгіленген бағамен берілген.

Биыл елімізде 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Биылғы жылы Қазақстан тұрғын үй компаниясы арқылы қолдау сомасы 700 млрд теңгеден асып, шамамен 2,2 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылады. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша 2025 жылы «Отбасы банк» халыққа жалпы сомасы 1 трлн 645 млрд теңгеге 77 148 қарыз берген.

«2026 жылы 70 мыңнан астам отбасыға «Отбасы банктің» барлық бағдарламалары бойынша жеңілдетілген ипотекалық кредит арқылы 1 трлн 630 млрд теңге сомасына ипотекалық қарыздар беріледі. Осылайша, «Бәйтерек» холдингі 2026 жылы тұрғын үй құрылысына шамамен 2,4 трлн теңге сомасында қолдау көрсетеді», деді Нұрболат Айдапкелов.

Тұрғын үй ережесі түбегейлі өзгерді?

Соңғы жаңалықтар