Оқиға • 17 Маусым, 2025

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда еңбек нарығындағы сұраныс артып келеді. 2025 жылы ел экономикасына 239 мыңнан астам жаңа маман қажет болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды

Фото: Ашық дерекккөз

Министрліктің орта мерзімді болжамына сәйкес, 2029 жылға дейін елімізге жалпы 2,9 миллион маман қажет болады. Сұраныс әсіресе әлеуметтік және техникалық салаларда айқын байқалады.

2025 жылы ең көп сұранысқа ие мамандықтар:

  • Жүргізушілер – 67,8 мың адам;
  • Орта медициналық персонал (пациент күтімі) – 67,8 мың;
  • Бухгалтерлер – 62,8 мың;
  • Бастауыш сынып мұғалімдері – 38,7 мың;
  • Балабақша тәрбиешілері – 29,1 мың;
  • Сантехниктер – 27 мың;
  • Трактористер – 22,2 мың;
  • Құрылысшылар мен монтажшылар – 19,3 мың;
  • Тігіншілер мен киім жөндеушілер – 10 мың.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде әсіресе нақты секторға бағытталған тәжірибелі мамандарға сұраныс жоғары. Бұлар — медицина, білім беру, көлік, ауыл шаруашылығы және құрылыс салалары.

Сарапшылардың болжамы бойынша, келесі жылдары да еңбекке сұраныс жоғары болады. Атап айтқанда, 2026 жылы – 259,9 мың адам, 2027 жылы – 268,7 мың, 2028 жылы – 239,4 мың және 2029 жылы – 235,7 мың.

Осы орайда мемлекет жұмыс күшін даярлау және қайта даярлау бағытында бірнеше бастаманы іске асырып жатыр. Дуальды оқыту жүйесі дамып, өңірлік қажеттіліктерге негізделген цифрлық болжам құралдары енгізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025