
Фото: AGROPRESS
ЖҚДҰ-ның бұл мойындауы – Қазақстанда ветеринариялық бақылаудың жоғары деңгейде жүргізіліп отырғанын растап қана қоймай, отандық құс шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттырады әрі ветеринариялық талаптары қатаң елдер нарығына шығуға қосымша мүмкіндік береді.
«Халықаралық талаптарға сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі эпидемиологиялық мониторинг, алдын алу шаралары, құс денсаулығына жүргізілген бақылау мен Қазақстан аумағында жоғары патогенді құс тұмауының ошағы болмағаны туралы мәліметтерді қамтитын толық құжаттаманы ЖҚДҰ-на жолдады», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.