Әлем • Бүгін, 10:55

Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістаннан Лондонға бағыт алған Air India AI171 ұшағының ұшу мәліметтерін жазу құрылғысы мен ұшқыштар кабинасындағы әңгімелерді жазатын құрылғы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістанда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды

Фото: Ашық дереккөз

Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің бас хатшысы Прамод Кумар Мишраның айтуынша, қара жәшіктер жексенбі күні анықталған. Алғашқы жәшік жұма күні апат орнына жақын орналасқан ғимараттың шатырынан табылған.

The Economic Times газетінің мәліметінше, жазбаларды толық ашу төрт-бес күнге созылуы мүмкін.

Ахмедабадқа апатты тергеу үшін бірнеше халықаралық сарапшы топтары Үндістанның авиациялық оқиғаларды зерттеу бюросымен бірлесіп жұмыс істеу мақсатында келген. Ресми есеп үш ай ішінде жарияланады.

Мамандардың айтуынша, табылған құрылғылар апатқа дейінгі оқиғалардың нақты хронологиясын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Олар ұшқыштардың әрекеті мен ұшақ жүйелерінің жағдайын секундтық дәлдікпен сипаттап береді.

Естеріңізге сала кетейік, AI171 рейсі Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған. Алайда ұшақ көп ұзамай апатқа ұшырап, студенттер жатақханасына соғылған.