ат
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Жасөспірімдердің 85%-ы өз өміріне қанағаттанады
Қазақстанда балалардың әл-ауқаты индексін өлшеу аясында жүргізілген кешенді әлеуметтік зерттеудің қорытындылары белгілі болды. Сауалнамаға балалармен қатар, олардың ата-аналары мен мұғалімдері де қатысқан деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қыркүйек, 2025
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады
13 қыркүйекте Жапонияның астанасы - Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Ол жарыс тоғыз күнге созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмыс • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақстандықтар Катарда заңды түрде жұмыс істей алады
Мәжіліс Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы Қазақстаннан келген жұмыскерлерді Катарда жұмысқа орналастыруды реттеу жөніндегі келісімді ратификациялады. Келісімге 2024 жылғы 14 ақпанда Доха қаласында қол қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 10 Қыркүйек, 2025
Депутат Сорбұлақ мәселесін Үкімет деңгейінде шешуді талап етті
Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Алматы облысындағы Сорбұлақ кәріз суы жиналатын көлінің мәселесін Үкіметтің ерекше бақылауына алуды сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 10 Қыркүйек, 2025
Депутат емделмейтін ауруға шалдыққан балаларды қолдау стандартын бекітуді ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесінің әлі де шешімін таппағанын айтып, Премьер-министрдің орынбасары Е.Көшербаевқа қарата депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы құрылыс саласында былық көп – депутат дабыл қақты
Мәжілісте Депутат Сергей Пономарев Алматыдағы құрылыс мәселелері бойынша ҚР Премьер-министрімен Алматы қаласының әкімінің атына депутаттық сауал жолдады. Онда халық қалаулысы қаладағы архитектуралық тұтастықты сақтауға бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары жүйелі түрде орындалмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда көпқабатты үйдің шатырында ойнаған жасөспірім іздестіріліп жатыр
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде белгісіз жасөспірімнің кірпіштерді қалап қойғанын байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 10 Қыркүйек, 2025
Атырау облысында 227 адамның жүрегіне ашық ота жасалды
Атырау облыстық кардиология орталығында жасалған операциялық ем-домның саны 2370-ке жетті. Оның ішінде диагностикалық және медициналық процедуралар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Конго президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің елімізге алғашқы сапарын тарихи сәт ретінде атап өтіп, оның Астанаға үлкен делегациямен келуін қазақ халқына көрсеткен зор құрмет деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Мәжілісмен ауылдарды сақтап қалу үшін ұлттық бағдарлама қабылдауды ұсынды
Қазақстанда соңғы жиырма жылда 1 400-ден астам ауыл жойылып, тағы 500 елді мекен «перспективасы жоқ» деп танылды. Ауыл халқының азаюы, жастардың қалаға көшуі мен инфрақұрылым тапшылығы өткір әлеуметтік мәселеге айналған. Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Серік Егізбаев осыған байланысты Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2025
Ермұрат Бәпи парламенттік реформаға белсене араласуға шақырды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауына байланысты депутаттық сауал жолдап, қоғамды жаңа реформаларды мемлекетшілдікпен қабылдауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Құлсарыда салынып жатқан «Келешек мектебінің» шатыры құлады
Атырау облысындағы Құлсарыда «Келешек мектебі» салынып жатыр. Осы білім ордасының шатыры құлап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 10 Қыркүйек, 2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдап, коммерциялық іс-шараларда тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін шамадан тыс тарту мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында көпқабатты үйдің жанынан 20 жастағы жігіттің денесі табылды
Жас жігіттің денесін Алматы облысының Бесағаш ауылындағы көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Қыркүйек, 2025
Ақтаулық прокурор Алматы әуежайында ұсталды
Ақтау қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ерболат Әбдіровтің ұсталғаны туралы ақпарат расталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 09 Қыркүйек, 2025
Атырау қаласына қарасты Береке ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды
Береке ауылында салынып жатқан жаңа медициналық нысанның құрылысы толықтай аяқталды. Амбулатория бір уақытта 25 келушіні қабылдауға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ақпан айында басталып, белгіленген мерзімде қорытындыланды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Президент • 09 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохадағы Израильдің әскери акциясын айыптады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жүзеге асырған әскери акцияға қатысты пікір білдірді.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында жас жігіт биіктен құлап көз жұмды
Алматы облысының Бесағаш ауылында 20 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Алматыда самокат мінген жігіт ескерту жасаған ер адамның көзін шығарып жіберді
Алматы қаласының Алмалы ауданында самокат жүргізушісі өзіне ескерту жасаған ер адамның көзін шығарып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 09 Қыркүйек, 2025
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ливерпульде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Бас прокуратура Google деректерінің таралуына байланысты ескерту жасады
Қазақстанның Бас прокуратурасы Google-дағы 2,5 миллиард Gmail қолданушының деректері тарап кеткенін хабарлады. Осыған байланысты құзырлы орган ел азаматтарына Gmail-дағы құпиясөзін өзгертуге кеңес беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстандағы магистратура мен докторантураға қабылдау нәтижелері жарияланды
2025–2026 оқу жылына докторантураға 2 919, магистратураға 13 554 мемлекеттік грант бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 09 Қыркүйек, 2025
Мексикада жүк көлігі пойызбен соқтығысып, 10 адам қаза тапты
Мексикада канадалық Pacific Kansas City de Mexico теміржол компаниясына тиесілі пойыз жолды кесіп өтпек болған екі қабатты жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 61 адам түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 09 Қыркүйек, 2025
Марат Әшім Президенттің кеңесшісі – Протокол қызметінің бастығы болды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Балқаштағы мектептерге жарылғыш зат қойылғаны рас па
Әлеуметтік желілерде Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарағанымен, ол жалған болып шықты. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Вануатуда жер сілкінісі тіркелді
Кеше Гринвич уақытымен 21:47-де Вануату аймағында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2025
Ресейлік ұшақ шұғыл Атырауға қонуға мәжбүр болды
Екатеринбургтен Антальяға ұшқан AZUR air әуе компаниясының ZF-839 рейсі техникалық себеппен Атырау әуежайына қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Президент Жолдауы тұрақты экономикалық өсімге серпін береді - депутат
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, құжатта ұлттық экономиканы дамыту мен әлеуметтік саланы жетілдірудің негізгі қырлары жан-жақты қамтылған, деп жазады Egemen.kz.