Спорт • Бүгін, 00:39

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін АҚШ астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Әлем чемпионатында бақ сынайтын құрамалар төрт себетке бөлінген.

Қазір оған қатысатын 42 құрама белгілі болып отыр. Қалғаны алдағы жылы болатын плей-офф ойындарында анықталады.

А тобы: Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, еуропалық С жолы плей-оффы (Дания/Солтүстік Македония/Чехия/Ирландия)

B тобы: Канада, еуропалық А жолы плей-оффы (Италия/Солтүстік Ирландия/Уэльс/Босния және Герцеговина), Катар, Швейцария.

C тобы: Бразилия, Марокко, Гаити, Шотландия.

D тобы: АҚШ, Парагвай, Австралия, еуропалық С жолы плей-оффы (Түркия/Румыния/Словакия/Косово)

E тобы: Германия, Кюрасао, Кот-д′Ивуар, Эквадор.

F тобы: Нидерланд, Жапония, еуропалық В жолы плей-оффы (Украина/Швеция/Польша/Албания), Тунис

G тобы: Бельгия, Египет, Иран, Жаңа Зеландия

H тобы: Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай

I тобы: Франция, Сенегал, құрлықаралық өтпелі ойындар - 2 бағыт (Боливия/Суринам/Ирак), Норвегия

J тобы: Аргентина, Алжир, Аустрия, Иордания

K тобы: Португалия, құрлықаралық өтпелі ойындар - 1 бағыт (Жаңа Каледония/Ямайка/Конго ДР), Өзбекстан, Колумбия

L тобы: Англия, Хорватия, Гана, Панама.

Беделді бәсеке алғаш рет 48 құрама қатысады. Әрбір топтан алғашқы екі орындағы екі құрама, үшінші орын алған 12 құрамадан үздік көрсеткішке ие болған сегіз құрама 1/16 финалға шығады. Дүбірлі дода барлығы 39 күнге (11 маусым-19 маусым) созылып, АҚШ; Канада, Мексикада өткізіледі.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде. Қазірге дейін отандастарымыз Уэльстен екі мәрте (1:3, 0:1), Солтүстік Македониядан (0:1), Бельгиядан (0:6) есебімен жеңіліп, Солтүстік Македония және Бельгиямен (1:1) тең түссе, Лихтенштейнді (4:0, 2:0) екі мәрте тізе бүктірді.