Фото: Оқу-ағарту министрлгі
Бағдарламалар бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы және дене шынықтыру пәні мұғалімдерін қамтып отыр. Сондай-ақ, педагогтер инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілік бағыттары бойынша да дәріс тыңдаған.
Министрліктің мәліметінше, 70 мыңға жуық сала маманы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында курстан өтсе, 18 мыңға жуығы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтында оқытылды. Сондай-ақ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында арнайы тегін курстар ұйымдастырылған.