Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы жаңа интернет-алаяқтық схемасы туралы хабарлайды.
Шетелдік дереккөздерге сүйенсек, алаяқтар шабуылдың жаңа толқынын бастаған:
Олар енді жеткізу қызметтерінің, басқарушы компаниялардың және банктердің атынан хаттар мен SMS хабарламалар таратады.
«Авторизациядағы қате», «домофонды ауыстыру» немесе «есептегіштерді тексеру» сияқты сылтауларды алға тартып, азаматтарды өздеріне қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.
Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбеген азаматтар кибер-алаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға мүмкіндік жасайды.
Осыған байланысты Бас прокуратура қазақстандықтарға киберқауіпсіздікті сақтау үшін келесі шараларды орындауды ұсынады:
1. Қырағы болыңыз: Белгісіз кіріс хабарламалар мен қоңырауларға сын көзбен қараңыз.
2. Тек ресми нөмірлерге қоңырау шалыңыз: Тек ұйымдардың сайттарында көрсетілген ресми нөмірлерге ғана қайта қоңырау шалыңыз.
3. Екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз: Қауіпсіздікті арттыру үшін екі факторлы аутентификацияны міндетті түрде қолданыңыз.
4. Құпия деректерді жарияламаңыз: Банк карталарының деректерін, SMS-тегі бір реттік кодтарды және кез келген құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға ешқашан айтпаңыз.
«Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздікті сақтаңыздар», деп қорытындылады Бас прокуратурасы.