Спорт • Кеше

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға 7 отандасымыз шығады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубайда IBA ұйымдастыруымен бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан ерлер құрамасы жаһан біріншілігінде толық құрамда бақ сынауда. Бұған дейін шаршы алаңға шыққан барлық боксшы жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті, деп жазады Egemen.kz

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға 7 отандасымыз шығады

Фото: ҰОК

Ал бүгінгі жарыс күнінде ел намысын қорғайтын 7 былғары қолғап шебері жұдырықтасады. 

67 келіде Санатәлі Төлтаев бразиялиялық Касио Сантос Оливьераға қарсы бақ сынайды. 

80 келіде Ерасыл Жақпеков Ресей өкілі Джамбулат Бижамовтан айласын асыруға тырысады.

92 келіде Нурмагамед Юсупов испаниялық Энмануэль Рейес Плаға қарсы шаршы алаңға шығады. 

+92 келіде Нұрлан Сапарбай IBA-PRO өкілі Иман Рамизанпурделвармен қолғап түйістіреді. 

48 келіде Теміртас Жүсіпов үндістандық Девендра сингх Саландиге қарсы келесі айналым жолдамасын сарапқа салады.

75 келіде Сабыржан Аққалықов Жаңа Зеландия өкілі Таухиримати Тохерири-Халлитқа қарсы жұдырықтасады.

60 келіде Серік Теміржанов замбиялық Эндрю Чилатаға қарсы өнер көрсетеді.

Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов бастап барған құрама сапына Сәкен Бибосынов та ілікті. 

Айта кетейік 92 келіде ел намысын қорғайтын Нурмагамед Юсупов тәжікстандық Навруз Джафоевті бірінші раундта нокаутқа жіберіп, айқын басымдыққа ие болып еді. 

Әлем чемпионатының жеңімпаздары 13 желтоқсан күні анықталады.