Есірткі • Бүгін, 10:10

Алматыда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қауіпті жүргізуші» іс-шарасының аясында патрульдік полиция қызметкерлері есірткіге мас күйде көлік басқарған 36 жастағы ер адамды тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz 

Алматыда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

фото: polisia.kz

Тексеріс барысында жүргізушінің сақтандыру полисі жоқ екені белгілі болды.

Сонымен қатар оның мінез-құлқы инспекторларға  күмән тудырды, сондықтан ол медициналық сараптамаға жіберілді. Медициналық қорытындыға сәйкес, ер адамның есірткілік мас күйінде болғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс-құжаттар толтырылып, сотқа жолданды. Автокөлік арнайы айыптұрағына қойылып, жүргізуші көлік басқару құқығынан шеттетілді.

«Мас күйде көлік жүргізу – жол қауіпсіздігіне төнетін ең ауыр қатердің бірі. Мұндай әрбір жүргізуші айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Біздің қызметкерлер күн сайын көлікті мас күйінде басқару деректерін анықтайды және әр жағдайда да қатаң шара қолданады. «Қауіпті жүргізуші» секілді профилактикалық іс-шаралар – қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Барлық жүргізушілерді жауапкершілік танытуға шақырамыз. Өйткені рөлге мас күйінде отырған адам тек өз өмірін ғана емес, өзгелердің де өмірін қатерге тігеді»,  деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.