Аталған сурет көрмесі алматылық балғын суретшілер мен олардың ұстаздарының қаламынан өрілген айрықша туындыларды қамтиды. Көрме қатысушыларының дені KAU School мектебінің тәлімгерлері.
Экспозицияда өз туындысын ұсынған ең жас суретші 3-ші сыныпта оқыса, қатысушылар арасында өз өнерімен түрлі деңгейдегі байқауларда дара шыққан шәкірттер де бар. Періште көңілдің перизат өрнектеріндей болған картиналар көңілге жылылық сыйлайды.
– Көрмедегі әрбір сурет ашық түстер мен қиял-ғажайып бейнелерде бейнеленген Тәуелсіздік тақырыбының қайталанбас көрінісі. Балалардың жұмыстары көрермендерді ертегі мен арман әлеміне батырып, еркіндік пен тәуелсіздіктің маңыздылығын еске салады. Іс-шара тіпті ең кішкентай оқушылардың да өнер арқылы өз ойлары мен сезімдерін білдіруге қабілетті екенін және олардың өнеріне назар аударуға және құрметтеуге лайық екенін көрсетіп отыр. Экспозицияға майлы кескіндеме, акваживопись және акрил техникасында жасалған 40 жұмыс кірді, – дейді Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Әсия Мамбетбаева.
ҚАУ мектебі күрделі қалыптасу жолынан өтіп, алғаш рет 1998 жылы есігін айқара ашты және бүгінгі күнге дейін өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Мұнда оқушылар академиялық бағдарламада, спорттық бағыттарда және шығармашылық пәндерде өз қабілеттерін жан-жақты дамыта алады.
– Көрмедегі туындылар жас суретшілердің сарқылмас шығармашылық қиялын және әлемді жеке қабылдауын көрсетеді. Олардың әрқайсысы, жасына қарамастан, көркем образдар жасауға өзінің ерекше көзқарасын көрсете отырып, бұл экспозицияны ерекше қызықты және жан-жақты етуге күш салған. Шығармалар қабылдаудың шынайылығы мен жандылығына толы, бұл барлық жастағы көрермендерді таңдандырып, шабыттандыра алатын балалар шығармашылығының маңызды ерекшелігі, – деп мәлімдеді Ұлттық орталық музейдің баспасөз қызметі.
Көрме 19 желтоқсанға дейін жалғасады.