Фото: Ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, мұғалімдердің жалақысы өскеннен кейін бұл мамандыққа қызығушылық танытушылар саны күрт артқан. Алайда мемлекетке «сан емес, сапа» керек.
Енді педагогикалық бағытты таңдаған талапкерлер ҰБТ балымен қатар, оқу орнының өз ішінде өтетін емтихан тапсырады. Қазіргі уақытта емтихан форматы пысықталып жатыр. Негізгі нұсқалардың бірі – сұхбат.
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
«Жоғары оқу орындары абитуриенттің талаптарға шынайы сәйкестігін өздері тексереді. Бұл – іріктеудің екінші кезеңі болмақ», деді Саясат Нұрбек.
Министр бұл шешімнің ашық әрі әділ өтуін университеттер өздері қадағалайтынын атап өтті.
Бұған дейін елімізде мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылғанын жазған едік. Сондай-ақ министрлік мектеп директорларын ротациялау, 2+2, ауылдық жерлерде 3+3 жүйесімен тағайындау туралы ұсыныс көтерген.