П
Президент • 19 Қараша, 2025
Президент Ауыл шаруашылығы министрін қабылдады
Мемлекет басшысына аграрлық саланың биылғы он ай ішіндегі даму қорытындысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Қыркүйек-қараша айларында қанша тонна астық экспортталды?
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, биыл қыркүйек айынан 13 қарашасына дейін жаңа егіннен 2,6 млн тонна астық экспортқа шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Елімізде жұмыс уақытын бір сағатқа қысқарту ұсынылды
Мәжілісте кішкентай баласы бар ата-аналарға жұмыс күнін бір сағатқа қысқартуды енгізу туралы ұсыныс айтылды. Бастаманы Мәжілістің пленарлық отырысында Еңбек кодексіне өзгерістер талқыланған кезде депутат Қарақат Әбден көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Тәрбие • 19 Қараша, 2025
Астанада балабақша бүлдіршіндері түймеден Абай Құнанбайұлының портретін дайындап шықты
Аталған еңбекті – «Абай аманаты» жобасы аясында №86 «Зияткер» балабақшасының бүлдіршіндері жасады. Портретті әзірлеуге 560 түйме жұмсалған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Ақтөбеде кәсіпкерлер 15 саябақ салып бермек
Ақтөбе қаласында демеушілердің қолдауымен биыл 15 саябақ пен скверді абаттандыру жобалары жүзеге асырылып, олардың көбі бұрын бос жатқан аумақтарда салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Көп балалы анаға үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды
Ақмола аумағындағы Егіндікөл ауданында бес балалы ана Махаббат Төлеубековаға салтанатты түрде үш бөлмелі пәтердің кілттері табысталды және жиһаз сатып алуға сертификат та берілді. деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 19 Қараша, 2025
Себастьян Бахтың бұған дейін жарық көрмеген екі шығармасы табылды
Лейпциг (Германия) қаласында соңғы жиырма жылда алғаш рет Иоганн Себастьян Бахтың бұрын беймәлім екі шығармасы табылып, «музыкалық сенсация» ретінде аталып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Қараша, 2025
«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жаңа басшы келді
Аталған лауазымға Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Дәурен Жамбайбек тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Фарер аралдарынан жеңіліп қалды
Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы Фарер аралдары командасымен өткен жолдастық кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Талдықорғанда Mitsubishi Pajero көлігін тізгіндеген 16 жастағы жасөспірім ұсталды
16 қарашада түнгі сағат 03:00 шамасында Талдықорған қаласының патрульдік полиция қызметкерлері облыс орталығы көшелерінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатпақ болды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Қараша, 2025
Ерекше жаңалық: отандық ғалымдар бірегей табысқа қол жеткізді
Қазақстандық зерттеушілер қаратақтатасты кендерден ванадий электролитін алудың жаңа технологиясын жасады, бұл елімізге энергия сақтау жүйелерінің маңызды компонентін өз күшімен өндіру мүмкіндігін ашты, деп жазады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Сурдлимпиада-2025: Қазақстан спортшылары 13 медаль жеңіп алды
Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиаданың алғашқы үш күнінде Қазақстан ұлттық құрамасы 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде бар. 2022 жылғы XXIV жазғы Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы рекордты 29 медаль (4 алтын) еншілеген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 18 Қараша, 2025
Дүкендегі бағаны негізсіз көтерген сатушыларға 50,8 млн теңге айыппұл салынды
Сауда және интеграция министрлігі сауда саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуін тежеу бағытында жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 463 шетел азаматы еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Фарер аралдарына қарсы шығатын негізгі құрам белгілі болды
Қазақстан Ұлттық құрамасы 2025 жылғы соңғы матчқа арналған бастапқы құрамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
«Қайрат» билет бағасын төмендетуге байланысты мәлімдеме жасады
«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы матчтарына арналған билет бағасына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Тибо Куртуа қазақ жанкүйеріне қолғабын сыйға тартты
Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа сөзінде тұрып, қолғабын Қазақстанға жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Қараша, 2025
Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Ақорда қаза тапқан фельдшердің «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғанын хабарлады.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
ЛГБТ-ны жақтаушылар ақпараттық шабуылға көшті: қоғам белсендісі Парламентке үндеу жасады
Елдегі ЛГБТ пропагандасын шектеу туралы петицияны ұйымдастырған белсенді Бағила Балтабаева әлеуметтік желіде Парламентке үндеу тастады. Оның сөзінше, ЛГБТ-ны жақтаушылар ЛГБТ-пропаганданы шектеу туралы заңды қабылдамауды талап етіп жатыр. Ол Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа жолдаған хатында ЛГБТ қозғалысы өкілдерінің қысымы мен арандатушылық әрекеттеріне бой алдырмауға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Батыс Қазақстанда болған жол апатына байланысты жаңа деректер жария болды
Батыс Қазақстан облысында 8 адам қаза болған жол апатының мән-жайын анықтау және зардап шеккендерге көмек ұйымдастыру үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің өзі басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 18 Қараша, 2025
«Қайрат» Чемпиондар лигасының алдағы матчтарын Астанада өткізеді
Алматылық «Қайрат» биылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңындағы кездесулерін елордадағы «Астана Аренада» өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Қазақстан әлемдегі ТОП-100 суперкомпьютер қатарына енді
Қазақстанда алғаш рет іске қосылған Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері халықаралық TOP500 рейтингінде 86-орынға көтеріліп, әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің қатарына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2025
Маркетплейстердегі тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеу ережесі реттелмек
Аталған бөліп төлеу ережесі – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (КНРДА) тарапынан реттеледі. Бұл туралы LS тілшісіне берген сұхбатында КНРДА төрағасы Мадина Әбілқасымова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Байлығы 228 млн долларға бағаланатын кәсіпкер «Ақтөбе» футбол клубына инвестор болады
Qazaq Stroy компаниясының негізін қалаушы әрі мажоритарлық акционер Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубының жаңа инвесторы атанбақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Шымкентте зағип жандарға арналған алғашқы фестиваль өтті
Шымқалада «Арман Шыңы» атты республикалық инклюзивті шығармашылық фестиваль өтті. Өнер кеші көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың шығармашылық қабілетін кеңінен танытуға, қоғамда инклюзивті мәдениетті дамытуға және тең мүмкіндіктер қағидатын нығайтуға арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
18 қарашадан бастап алаяқтардың SIM-карталары бұғатталады
Байланыс операторлары шағым түскеннен кейін, сондай-ақ Ұлттық банктің антифрод орталығымен интеграцияланған антифрод жүйелері арқылы алаяқтық белгілері анықталған жағдайда – 2 жұмыс күні ішінде бұғаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Шорт-тректен 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанаға жұмыс сапарымен келген Халықаралық конькишілер одағының (ISU) конькимен жүгіру спорты жөніндегі директоры Хуго Херрнхофпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Бір миллионнан астам ата-ана педагогикалық қолдау орталықтарының көмегіне жүгінген
Педагогикалық қолдау орталықтарында ата-аналарға арналған 3.0 бағдарламасы жалғасып жатыр. Саналы ата-ана болу дағдыларын дамыту және мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуды мақсат еткен бағдарлама аясында оқу жылының басынан бері педагогикалық қолдау орталықтары 30 мыңнан астам сабақ өткізіп, оған 1 миллионнан астам ата-ана қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Қараша, 2025
Бір палаталы Парламентке көшуді ел халқының көпшілігі қолдады
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері парламенттік реформаны қоғамның жоғары деңгейде қолдайтынын көрсетіп отыр. Еске салайық, реформаның негізгі элементтері – бір палаталы Парламентке көшу және заң шығару органын тек партиялық тізімдер арқылы қалыптастыру екені мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қараша, 2025
Қазақстан ірі шетелдік мұнай компанияларының үстінен халықаралық сотқа шағым түсірді
Қазақстан арбитраждық сот алаңына шығып отыр – ел билігі халықаралық мұнай-газ компанияларына қарсы өз ұстанымын күшейту мақсатында Швейцария сотына жүгініп отыр, деп жазады Egemen.kz.