Спорт • Бүгін, 00:24

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарынан жеңіліп қалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы Фарер аралдары командасымен өткен жолдастық кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарынан жеңіліп қалды

Кездесу Хорватияның Пуле қаласында өтті. Матч 1:0 есебімен Фарер аралдары құрамасының пайдасына шешілді. Жеңіс голын алғашқы таймда, 25-минутта Петур Кнудсен соқты.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының 2025 жылы өткізген соңғы ойыны.

Еске сала кетсек, осы матчқа дейін Қазақстан құрамасы 15 қарашада Астанада өткен әлем чемпионаты-2026 іріктеуіндегі сенсациялық тең нәтижеге қол жеткізген болатын. Ол кездесуде біздің команда Бельгиямен 1:1 есебімен ойнады.

УЕФА талабы бойынша әр ұлттық құрама жыл ішінде кемінде он матч өткізуі қажет. Қазақстан биыл сегіз іріктеу ойынын және Беларусь құрамасымен (1:4) жолдастық кездесу өткізген.