Фото: ru.wikipedia.org
BILD басылымының хабарлауынша, Лейпцигтегі Бах мұрағатының мамандары екі органдық пьесаны композитордың ерте кезеңдегі туындылары деп растап отыр. Бұл туралы мұрағат директоры Петер Воллни мәлімдеді.
Шығармалар алғаш рет Бах өмірден өткен 275 жылдан кейін шырқалды. Оларды музыкант ұзақ жыл еңбек еткен Лейпцигтегі Әулие Фома шіркеуінде шеберлер орындады. Премьераны әлемнің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған тыңдарман тікелей эфирден тамашалаған. Германияның мәдениет министрі Вольфрам Ваймер бұл жаңалықты «музыка әлемі үшін жұлдызды сәт және жаһандық сенсация» деп бағалады.
Рукописьтер алғаш рет 1990-жылдары табылғанымен, олардың авторлығы ұзақ уақыт бойы белгісіз болып келген. Тек былтыр Петер Воллни оларды Бахтың аз танымал шәкірті Саломон Гюнтер Йонның көшіргенін анықтап, туындыларды композитордың Арнштадттағы ерте кезеңімен байланыстырды. Дәл осы жерде 18 жастағы Бах органист болып қызмет атқарған.