Фото: Ақмола облысы әкімдігі
Мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілген жаңа пәтердің кілтін отбасыға Егіндікөл ауданының әкімі Юрий Курушин табыстап, әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Өз кезегінде М.Төлеубекова көрсетілген тұрғын үй мен мемлекеттік қолдау үшін алғысын білдірді.
Әкімдіктің мәліметінше, аталған ауданда биыл екі пәтерлі сегіз үй және он алты пәтерлі тұрғын үй салынған.