Фото: Облыс әкімдігі
Қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру бастамасына қосылған ірі инвесторлар: «Зерде Керамика» ЖШС, «Анвар» ЖШС, «BS Holding» ЖШС, «Алихан-Ойл» ЖШС, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Center Group» ЖШС, «Максимус» ЖШС, «ЦентрКредит Банк» АҚФ, «Gorilla Asia» ЖШС, «Rakhmet Group» ЖШС, «Dastan Group» ЖШС және «GRANT ADAL» ЖШС.
7 нысан пайдалануға берілген, ал қалғандарына абаттандырудың соңғы кезеңі жүргізіліп жатыр.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, жуырда аяқталған жобалардың бірі – қараша айында Карғалы тұрғын алабында ашылған жаңа сквер. Оның құрылысына Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Анвар» ЖШС-ның бас директоры Талғат Салфиков демеушілік жасады. Сквердің жалпы ауданы – 1,3 гектар. Аумағында шағын футбол алаңы, әткеншектер, ыңғайлы орындықтар және балаларға арналған аттракциондар орнатылған. Отбасылық демалыс үшін қолайлы жағдай жасалған.