Спорт • Кеше

Фарер аралдарына қарсы шығатын негізгі құрам белгілі болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық құрамасы 2025 жылғы соңғы матчқа арналған бастапқы құрамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Фарер аралдарына қарсы шығатын негізгі құрам белгілі болды

Футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Фарер аралдарына қарсы өтетін жолдастық матчқа шығатын негізгі құрамды атады.

Ол төмендегідей:

Шайзада, Жагоров, Әліп, Малый, Қайыров, Жуков, Қасаболат, Қараман, Еркебұлан Астанов, Каримов, Жұмат.

Фарер аралдарының бастапқы құрамы:

Рейнатред, Фере, Ванхамар, Свенссон, Беньяминсен, Бьярталид, Андреасен, Агнарссон, Фредериксберг, Кнудсен, Юстинуссен.

Еске салайық, Қазақстан – Фарер аралдары матчі бүгін Хорватияның Пула қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Айта кетейік, екі құрама да 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі өнерін аяқтаған. Қазақстан құрамасы J тобында 8 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.

Ал Фарер аралдары L тобында 12 ұпаймен үшінші орын алған.

Соңғы жаңалықтар