Ер
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Өзбекстан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеді
Өзбекстанда жалпыға ортақ 12 жылдық мектеп жүйесі енгізілетін болды. Жаңа жүйеге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл туралы «Өзбекстан 24» телеарнасының эфирінде елдің Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрінің орынбасары Сардор Раджабов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақстан – ғарыштық диалогтың жаңа алаңы
Біздің ғасыр ғылым мен технологияның қарқынды дамыған дәуірі ретінде есте қалары сөзсіз. Әсіресе, ғарыш саласы бүгінде мемлекеттердің даму деңгейін көрсететін стратегиялық бағыттардың біріне айналды. Ғарышты игеру тек қана жаңа ғылыми жаңалықтарды ашу емес, сонымен қатар елдің экономикалық, қорғаныстық және технологиялық әлеуетін арттыратын маңызды қадам, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Елімізде Киберқауіпсіздік орталығы құрылады
Қазақстанда жылу-электр орталықтары мен жалпы отын-энергетика кешенін киберқауіптен қорғау мақсатында арнайы ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 09 Қыркүйек, 2025
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша партия активімен кеңейтілген отырыс өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль иеленді
Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында 3–9 қыркүйек аралығында өткен III Түркі универсиадасында қазақстандық студенттер 23 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохадағы Израильдің әскери акциясын айыптады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жүзеге асырған әскери акцияға қатысты пікір білдірді.
Елорда • 09 Қыркүйек, 2025
Елордада өткен айда пәтер жалдау құны күрт қымбаттады
Астанада тамыз айында жаңа тұрғын үйлердің бағасы мен пәтер жалдау құны қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Бас прокуратура Google деректерінің таралуына байланысты ескерту жасады
Қазақстанның Бас прокуратурасы Google-дағы 2,5 миллиард Gmail қолданушының деректері тарап кеткенін хабарлады. Осыған байланысты құзырлы орган ел азаматтарына Gmail-дағы құпиясөзін өзгертуге кеңес беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Астанада 90 әскери міндетті он күндік жиынға шақырылды
Елордада аумақтық қорғаныс бригадасының базасында 90 әскери міндетті он күндік дайындықтан өтеді. Олардың қатарында 17 запастағы офицер, 73 сержант және қатардағы жауынгер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
Түркістанда жыл басынан бері 872 пәтер пайдалануға берілді
Облыс орталығы Түркістан қаласында жыл басынан бері 872 пәтер пайдалануға берілген. Оның 440-ы жалдамалы баспана болса, 432-сі кезекте тұрған отбасыларға табысталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Қыркүйек, 2025
Биыл 52 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
Бүгін Үкіметте Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары пысықталды. Премьер-министр Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігіне «Самұрық-Қазына» қоры өңір әкімдіктерімен бірлесіп, желтоқсан айына дейін қалған 52 Келешек мектептерінің құрылысын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Биыл мүгедектігі бар жандарға 427 мыңнан астам қызмет көрсетілді
Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға 427,1 мыңнан астам қызмет көрсеткен. Ең көп сұраныс оңалтудың техникалық құралдарына түсті, сонымен қатар жеке көмекші, ымдау тілі және санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Вануатуда жер сілкінісі тіркелді
Кеше Гринвич уақытымен 21:47-де Вануату аймағында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2025
Қызылжарлықтар тілдер мерекесін қыздырды
Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі Қызылжарда С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Тіл –халық қазынасы» атты әдеби-музыкалық жиынмен басталды, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Қошанов: Бұл құжат Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдырудың стратегиялық бағдары
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Жолдау – елдің саяси өміріндегі елеулі оқиға әрі жаңа даму бағытын айқындаған айтулы құжат.
Әлем • 08 Қыркүйек, 2025
Эверест шыңы дрондар арқылы қоқыстан тазартылады
Жер шарындағы ең биік тау – Эверестте қоқыс мәселесін шешудің жаңа жолы қолға алынды. Непал билігі алғашқы рет жүк тасымалдаушы DJI FlyCart 30 дрондарын іске қосып, 2025 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында 6065 метр биіктікте орналасқан лагерьден 300 келіден астам қалдықты төменге жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Popular science агенттігіне сілтеме жасап.
Заң • 08 Қыркүйек, 2025
«Балдәурен» лагері санитарлық талаптарды жүйелі түрде бұзған
Бас прокуратураның хабарлауынша, РМҚК «Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығында» санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің бұзылғаны анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2025
2030 жылға дейін жолаушылар вагондары толық жаңартылады
«Самұрық-Қазына» Қорының мәліметінше, осы жылдың желтоқсан айында жолаушылар вагондары паркі 51 заманауи вагонмен толығады. Қор вагондардың Астана қаласындағы отандық «Штадлер Қазақстан» зауытында жасалғанын атап өткен, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин: Жолдаудың басты идеясы – цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин биылғы Жолдауға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының басты әрі біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 08 Қыркүйек, 2025
Бүгін әлем чемпионатының шаршы алаңына 7 боксшымыз шығады
Ливирпульде бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін ел құрамасы сапынан 7 былғары қолғап шебері келесі айналымға өту үшін күш салады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 08 Қыркүйек, 2025
Елімізде бензин бағасы өсе ме?
Қазақстан Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі бензин бағасына қатысты алаңдаушылыққа жауап беріп, қазіргі жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Жыл соңына дейін 115 медициналық нысан пайдалануға беріледі
Үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс. Бұл туралы Президент бүгінгі Жолдауында атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 08 Қыркүйек, 2025
Президент: Қазақстанда екінші, тіпті үшінші атом электр станциясын салу жоспарланады
Қазақстан қуат көздерін жаңғыртып, энергетикалық дербестігін нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Банктер экономикаға қаржы салуы қажет - Президент
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер азаматтарға несие берумен ғана шектелмей, ірі экономикалық жобаларды қаржыландыруға да белсенді қатысуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда Ұлттық банк пен үкіметке осы мәселені шұғыл түрде шешуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Өңдеу өнеркәсібіне жаңа серпін беретін уақыт келді - Тоқаев
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауын жария етіп жатыр. Президент биылғы Жолдауының екінші маңызды бөлігі ретінде еліміздің өңдеу өнеркәсібін жаңа серпінмен дамытуға тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 07 Қыркүйек, 2025
Мақсұтовтар династиясы: энергетикадағы 100 жылдық еңбек сабақтастығы
2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Еңбектің сабақтастығының айқын үлгісі – еңбек әулеттері. Kazinform тілшісі энергетика саласында 100 жылдан астам еңбек жолы бар Мақсұтовтар әулетінің өкілдерімен тілдесті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 07 Қыркүйек, 2025
Алматыда ғимараттарды жарықтандыратын 20 мыңдай шам орнатылады
Аяқталған аптада Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды ғимараттарды сәулеттік жарықтандыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 06 Қыркүйек, 2025
Күздің ең пайдалы өнімі — қырыққабат: дәрігер кеңесі
Қырыққабат күз мезгіліндегі ең пайдалы өнімдердің бірі: оның құрамындағы С дәрумені мол, ал шырыны қабынуға қарсы әсер береді. Бұл туралы дәрігер-терапевт Анастасия Якимова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 06 Қыркүйек, 2025
Күзгі әскерге шақыру науқанының басымдықтары қандай?
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.