Мәдениет • Кеше

Шара Жиенқұлованың бұрын жарияланбаған сирек бейнематериалы табылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың алғашқы кәсіби бишісі, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың сирек бейнематериалы "Архив-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының Красногорск қаласындағы Ресей мемлекеттік кинофотоқұжаттар архивінен табылды, деп жазады Egemen.kz.

Шара Жиенқұлованың бұрын жарияланбаған сирек бейнематериалы табылды

Бишінің "Бипыл" халық әніне мың бұрала билеген бейнежазбасы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде сақтаулы.

Сараптау нәтижесінде бейнематериалдың 1958 жылғы 21 желтоқсанда өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінің қорытынды концерті кезінде түсірілгені белгілі болды.

Аталған онкүндік - қазақ халқының мәдениеті мен өнерін бүкіл Кеңес Одағына танытқан алғашқы ірі мәдени оқиғалардың бірі саналады. 1934 жылы Шара Жиенқұлова М. Әуезовтің "Айман – Шолпан" спектаклінде тұңғыш рет қазақтың "Келіншек" атты ұлттық биін билеп шыққан. Сондай-ақ Евгений Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Жалбыр" және "Ер Тарғын" операларында ұлттық биді кеңінен танытып, қазақ сахнасының символына айналды.