Оқиға • Бүгін, 11:39

Балқаш көлінде браконьерлер қолға түсті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының ПД-нің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Балқаш қалалық желілік полиция бөлімі мен Балқаш-Алакөл аймақаралық бассейндік инспекциясымен бірлесіп, моторлы қайықты тоқтатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балқаш көлінде браконьерлер қолға түсті

Фото: ІІМ

Қайық ішінде 35 жастағы Жетісу өңірі тұрғыны және 37 жастағы Талдықорған тұрғыны болған.

Тексеру кезінде табылып, тәркіленген 8 жәшіктен көксерке, ақтабан, табан, жая, жайын, сазан секілді балық түрлері анықталып, жалпы салмағы 252,3 келіні құраған.

«Сонымен қатар ұзындығы 2500 метр болатын Қытайда өндірілген тыйым салынған ау табылып, тәркіленді. Табиғатқа келтірілген залал сомасы 1,2 млн теңгеден асқан» деп хабарлады ІІМ.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.