Алматы • Бүгін, 00:33

Алматының бір бөлігі жарықсыз қалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы ЖЭО-2 аумағында 110 кВ №124А және №101А жоғары кернеулі электр желілерінің апатты түрде өшірілуі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz "Алатау Жарық Компаниясына" сілтеме жасап.

Алматының бір бөлігі жарықсыз қалды

Апат салдарынан ПС-162А "Алғабас", ПС-169А "Ақбұлақ" және ПС-123А "АТЭЦ-2" қосалқы станциялары уақытша электр қуатынан ажыратылды. Соның нәтижесінде Алатау ауданының бірқатар тұрғын аймақтарында жарық өшті.

Электр энергиясынан Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі тұрғын массивтері мен Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөңкеби көшелері шеңберіндегі аумақтар зардап шекті.

Компания өкілдерінің айтуынша, оқиға орнына жедел апаттық-қалпына келтіру бригадалары жіберілген. Қазір мамандар апаттың себептерін анықтап, жарықты кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.