2007 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығын, 2019 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар университетінің «Көлік құрылысы» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын Астана қаласындағы «Жолаушылар тасымалы орталығы» ЖШС-да диспетчер ретінде бастаған. Кейін «Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті», «Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасы» және «Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» бөлімдерінде әртүрлі лауазымда қызмет атқарған. Ол жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған.
Құрылыс басқармасы басшысы қызметіне Бекжан Бапышев тағайындалды. Ол 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 2011 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚ университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2024 жылы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Астана қаласы әкімдіктерінде әртүрлі бөлімдерде бастаған. Соңғы қызметі – Семей қаласының әкім және әкімнің орынбасары болды.
Спорт басқармасы басшысы қызметіне Бақыт Бекбосынов тағайындалды. Ол 1988 жылы Семей қаласында туған. 2010 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қайнар университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Кейін Семей медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, Абай облысының спорт басқармасындағы бас маман және дирекция директоры қызметтерін атқарған. Соңғы қызметі – басқарма басшысының орынбасары болды.
Абай облысы