Павлода
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2025
Павлодарда тұрғын үйлерге жылу беріле бастады
Облыс орталығында 1268 көпқабатты тұрғын үй бар. Жылу тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен беріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Қыркүйек, 2025
Павлодарда сот орындаушылары көпбалалалы ананың баспанаға деп жинаған ақшасын алып қоймақшы болған
Жеке сот орындаушылары отбасының «Отбасы банкінде» жинап қойған ақшасын қарыз ретінде өндіруді ұйғарған. Бұл жинақты отбасы «Бақытты отбасы» ипотекалық бағдарламасы үшін жинаған, қаражат банктің кепілінде болған, хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 15 Қыркүйек, 2025
Павлодарда алдағы он жылда электр қуаты өндірісі 60%-ға өседі
Өңір қазіргі уақытта еліміздегі электр энергиясының 40 %-дан астамын қамтамасыз етіп отыр. Электр стансаларының жалпы қуаттылығы – 8000 МВт, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Павлодарда пәтеріне SIM-box орнатқан алаяқ қолға түсті
Облыс орталығындағы пәтерлердің бірінен арнайы жабдық пен телефон карталары орналасқан «офис» анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Депутат Павлодар әуежайын жөндеуге қосымша қаржы бөлуді сұрады
«AMANAT» фракциясының депутаты Жарқынбек Амантайұлы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, Павлодар әуежайындағы ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстарына қосымша қаржы бөлу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 09 Қыркүйек, 2025
Павлодар облысының су айдындарында 14 адам батып кеткен
Биылғы шомылу маусымында Ертіс бойындағы су айдындарында 14 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Олардың екеуі – бала, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 09 Қыркүйек, 2025
Павлодарда келер жылғы су тасқынына қарсы іс-шаралар қазірден басталып кетті
Өңірде аумақтар мен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін ықтимал су тасқынынан қорғау бағытында 22 іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
«Тик-Ток» арқылы жұртты алдап келген қылмыстық топтың жолы кесілді
Павлодар облысы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде «Oncharge» дүкені атынан жалған жарнама жариялап келген қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Қыркүйек, 2025
Келер жылы Ертіс-Баян өңірінде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі
Қазіргі уақытта облыста 1900 оқушы орны тапшы. Салынып жатқан мектептер мен қосымша ғимараттар бұл мәселені келер жылы толықтай жояды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Қыркүйек, 2025
Павлодардағы медициналық мекемелердің кредиторлық қарызы азаймай тұр
Облыстағы емдеу ұйымдарының берешегі бірнеше миллиард теңгеге өсіп кеткен. Бұл медициналық қызмет көрсету сапасына айтарлықтай әсер етуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2025
Екі адам ажал құшты: Павлодар облысында қайғылы жағдай болды
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі бірдей адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 26 Тамыз, 2025
Павлодар өзін-өзі қамтамасыз ететін облысқа айналады
Павлодар облысы алдағы үш жылда ел экономикасындағы «донор өңірлердің» қатарына қосылмақ. Үкімет ұсынған болжамға сәйкес, 2028 жылға қарай аймақ республикалық бюджеттен қаржылай көмек алмай-ақ, өз кірістері есебінен толықтай қамтамасыз етілетін болады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Тамыз, 2025
Павлодарда қайтыс болғаннан кейінгі донор екі адамның өмірін сақтап қалды
Павлодар қаласындағы №1 қалалық ауруханада 44 жастағы тұрғынның қайтыс болғаннан кейінгі донор болуына байланысты көп ағзалық трансплантация отасы сәтті жүргізілді, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2025
Павлодарда қоғамдық көлік бағыттары оңтайландырылып жатыр
Облыс орталығында қалалық автобус желісі ертеңнен бастап жаңаша жұмыс тәсіліне көшеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 12 Тамыз, 2025
Баянауылда Жаяу Мұсаның 190 жылдығына орай дүркіреген той өтеді
Биыл Баянауыл ауданында есімдері елге мәшһүр төрт бірдей тұлғаның мерейтойы аталып өтеді. 15-16 тамыз күндері Мойылды шатқалында этноауыл бой көтеріп, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Ертіс бойында үш сорғы станциясы суды заңсыз пайдаланған
Ертіс бассейндік инспекциясы Павлодар облысының Ақсу қаласындағы ауылдық аймағында және Ертіс ауданында заңсыз орналасқан үш сорғы станциясын анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 12 Тамыз, 2025
Павлодарда республикалық жастар форумы бастау алды
Павлодар облысында Халықаралық жастар күні және жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты республикалық жастар форумы жұмысын бастады.
Жастар • 12 Тамыз, 2025
«Jastar-X» диалог алаңы-жастардың заманауи трендтер мен жұмыс ортасына көзқарасы
12 тамызда республикалық жастар форумының қатысушылары Жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында өткен «astar-X"» республикалық диалог алаңына қатысты. Кездесу барысында спикерлер қатысушылармен бірлесіп, заманауи трендтерді, сондай-ақ жұмыс орындарындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Инфрақұрылым • 09 Тамыз, 2025
Павлодар қаласының көшелеріндегі су колонкалары алынады
Облыс орталығындағы жер үйлерді біртіндеп орталықтандырылған ауызсу құбырына қосу жоспарланған. Жоба келесі аптада басталады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 07 Тамыз, 2025
«Павлодар» экономикалық аймағының инфрақұрылымын жетілдіруге 19 млрд теңге қажет
Бұл қаражат автожол мен темір жолдар салуға, электрмен жабдықтау қуатын арттыруға жұмсалады. Жалпы мұнда тартылған инвестициялар көлемі 184,6 млрд теңгеден асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Тамыз, 2025
Павлодар облысы бойынша сот әкімшілігі департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Павлодар облысы бойынша сот әкімшілігі департаментінің басшысы болып Гүлстан Темірова тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 05 Тамыз, 2025
Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлері әйелді жолда босандырып алды
Ана мен дүниеге келген сәби Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілген. Олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 05 Тамыз, 2025
Екібастұздағы көмір кенішінде ер адам биіктен құлап, ауыр жарақаттанды
«Богатырь Көмір» компаниясында ер адам биіктен құлап, ауыр жарақат алды. Оқиға 2 тамыз күні көмір кеніші аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 04 Тамыз, 2025
Алаяқтар ақсулық әйелдің 15 миллион теңгесін үптеп кетті
Ақсу қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджері арқылы келген жалған жазбаға сеніп, алданып қалды. Алаяқтар оның депозиттегі ақшасын шешіп, миллиондаған теңге несие рәсімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2025
Павлодар облысында 45 мектепте директор жоқ
Қазір облыс мектептерінің 13 %-да мектеп директорларының орны бос тұр. Олардың басым бөлігі ауылдық және шалғай елді мекендерге тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 02 Тамыз, 2025
Павлодарда есірткі қабылдап көлік жүргізген екі адам ұсталды
Павлодар қаласында патрульдік полиция қызметкерлері есірткі қабылдап алған екі жүргізушіні ұстады. Құқық қорғаушылар олардың әрекеттерін дер кезінде тоқтатып, арнайы сараптама арқылы заңбұзушылық фактісін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2025
Павлодар облысында 6 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады
Павлодар облысының Жертұмсық ауылында 6 жасар баланың үстіне қолдан жасалған футбол қақпасы құлап, жарақат алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Шілде, 2025
Павлодар тұрғыны балаларын бесінші қабаттан лақтырып, артынан өзі секірген
Павлодар қаласында әйел адам бесінші қабаттағы терезеден екі баласын лақтырып, артынша өзі де секірген. Оқиға бүгін, сағат 13:00 шамасында Нұрмағамбетов көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Шілде, 2025
Павлодарда полиция заңсыз автожарыс ұйымдастырғандарды анықтады
Павлодарда полиция қызметкерлері түнгі уақытта ұйымдастырылған заңсыз автожарысты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Шілде, 2025
«ZAVOD FEST» – мол мүмкіндіктер алаңы
ERG компаниясы құрамындағы «Қазақстан алюминийі» мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ металлургтер күніне орай және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап кең ауқымды фестиваль өткізді. Фестиваль барысында кәсіби бағдар жайы түсіндіріліп, зауыт жұмысының қыр-сыры көрсетілді. Көрермен құрметіне думанды концерт те қойылды.