Аймақтар • Бүгін, 17:57

«Тик-Ток» арқылы жұртты алдап келген қылмыстық топтың жолы кесілді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде «Oncharge» дүкені атынан жалған жарнама жариялап келген қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тик-Ток» арқылы жұртты алдап келген қылмыстық топтың жолы кесілді

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл қызметкерлері биылғы 1 маусым -  10 шілде аралығында «Тик-Токта» «Oncharge» дүкені атынан жарнама жариялап келген қылмыстық топты анықтаған.

- Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топтың ұйымдастырушылары анықталды. Олар - Павлодар қаласының 17 және 19 жастағы үш тұрғыны. Ұсталғандар ұялы телефондарды сату туралы хат алмасулар жүргізген. Сондай-ақ, алданған азаматтардың ақшалай қаражаты аударылған дропперлер де анықталды,- деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы басқармасының бастығы Асхат Абетжанов.

Қазіргі уақытта аталған топтың әрекетінен зардап шеккен 18 жәбірленуші белгілі болды, олар әртүрлі облыстарда тұрады. Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Павлодар облысы