Аймақтар • Бүгін, 11:17

Павлодар өзін-өзі қамтамасыз ететін облысқа айналады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы алдағы үш жылда ел экономикасындағы «донор өңірлердің» қатарына қосылмақ. Үкімет ұсынған болжамға сәйкес, 2028 жылға қарай аймақ республикалық бюджеттен қаржылай көмек алмай-ақ, өз кірістері есебінен толықтай қамтамасыз етілетін болады, деп жазады Egemen.kz.

Павлодар өзін-өзі қамтамасыз ететін облысқа айналады

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, жаңа Бюджет кодексінің қағидалары ескеріліп, 2026-2028 жылдарға арналған қаржылық болжам жасалған.

«2026 жылы жергілікті бюджеттердің кірісі шамамен 10,7 триллион теңге болса, 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 13,3 триллион теңгеге жетеді деп күтілуде. Ал шығыстар көлемі 2026 жылы 14,9 триллион теңгені құраса, 2028 жылға қарай 18,7 триллион теңгеге дейін өседі»,  деді министр.

Осы есептің негізінде республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінетін субвенциялар көлемі 2026 жылы 5,1 триллион теңге болып белгіленген. Ал донор саналатын өңірлерден республикалық бюджетке түсетін қаржы көлемі 879,9 миллиард теңгені құрайды.

Осы болжам бойынша, 2028 жылы Павлодар облысы субвенция алатын өңірлер қатарынан шығып, өзін-өзі қаржылай қамтамасыз ететін аймаққа айналмақ. Бұл – облыстың салық базасының кеңейіп, өндірістік және экономикалық әлеуетінің арта түскенін көрсетеді.