
Фото: Informburo.kz
Оқиға орнына бірінші дәрежелі шұғыл шақыртумен үш жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Дәрігерлер оқиға орнына алты минут ішінде жеткен.
«Балалар ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Әйел адамның өзі Павлодар қалалық №1 ауруханасына түскен, жағдайы ауыр», деп хабарлады жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенованың айтуынша, зардап шеккен балалардың бірі – 1,5 жаста, екіншісі – 5 жаста. Оқиға кезінде пәтерде тек әйел мен оның балалары ғана болған.
Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылдың қарашасында Шымкентте де осындай оқиға тіркелген еді. Онда әйел 3-ші қабаттан баланы лақтырып, артынша психдиспансерге жеткізілген болатын.
Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.