Экономика • Бүгін, 18:44

«Павлодар» экономикалық аймағының инфрақұрылымын жетілдіруге 19 млрд теңге қажет

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл қаражат автожол мен темір жолдар салуға, электрмен жабдықтау қуатын арттыруға жұмсалады. Жалпы мұнда тартылған инвестициялар көлемі 184,6 млрд теңгеден асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Павлодар» экономикалық аймағының инфрақұрылымын жетілдіруге 19 млрд теңге қажет

 

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы құрылған сәттен бастап мұндағы кәсіорындар 407,2 млрд теңгеден астам сомаға өнім шығарып, 1705 тұрақты жұмыс орны құрылған. Ал тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 184,6 млрд теңгеден асқан. 

- Экономикалық аймақтың негізгі міндеттерінің бірі - отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы және инвестициялық-тартымды климатты қалыптастыру. Бұл бағытта қажетті инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда оның дайындығы 65,8%-ды құрайды. Инфрақұрылыммен толық қамтамасыз ету үшін жалпы құны шамамен 19 млрд теңгені құрайтын үш ірі жобаны іске асыру қажет. Атап айтқанда 4,7 км автожол, ұзындығы 2,7 км темір жол тармағының екінші кезегін салу және электрмен жабдықтау қуатын 40 МВт-қа ұлғайту. Бұл жобаларды іске асыру АЭА өндірістік әлеуетінің одан әрі өсуін және жаңа резиденттер үшін аймақтың тартымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,-деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта республикалық бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру рәсімдерін жылдамдату көзделіп отыр. Сондай-ақ жергілікті бюджет тарапынан қосымша қаржыландыру қарастырылуы мүмкін.

Павлодар облысы