е
Қазақстан • 29 Мамыр, 2025
Бөгеттерді нығайтуға 2 млн доллар грант бөлінеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі Жапония үкіметімен Қазақстандағы су тасқынына қарсы шараларды жақсарту жобасын жүзеге асыру үшін 2 млн доллар көлемінде грант бөлуге келісті, жобаның аяқталу мерзімі – 2027 жыл, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің ісі сотқа жолдануы мүмкін
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасау дерегі бойынша ұсталған Е. Жиенбай екі айға қамауға алынды. Қылмыстық іс 21 маусымда сотқа жолдануы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2025
Қостанайлық тұрғын 556 млн теңге заңсыз табыс тапқан
Қостанайда азамат алты жыл бойы ешқандай лицензиясыз «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы азаматтарға пайызбен қарыз берумен айналысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Мамыр, 2025
Астана халықаралық форумы тікелей эфирде көрсетіледі
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Қазақстаннан 750-ден аса сарбаз БҰҰ бітімгерлік қызметіне қатысты
29 мамыр – Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгерлер күні. Бұл – әлемдегі қақтығыстарды тоқтатуға және бейбітшілікті нығайтуға аянбай еңбек еткен жандарға құрмет көрсетілетін ерекше күн. Қазақстан өз бітімгерлік жолын 2003 жылы бастаған сәттен бері БҰҰ миссияларына белсенді қатысып келеді. Бүгінде еліміздің әскери қызметшілері әлемнің түрлі өңірлерінде – Ливаннан бастап, Орталық Африкаға дейін бейбіт өмір орнатуға күш салып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Мамыр, 2025
Павлодарлық колледж студенті Google компаниясынан арнайы шақырту алды
Павлодар қаласындағы IT-колледждің студенті Даниил Барт Берлин қаласында өтетін халықаралық Google I/O - 2025 конференциясына арнайы шақырту алды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Мамыр, 2025
Астанада «Стереотиптерсіз психикалық денсаулық: Шизофрения туралы нені білу керек?» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шара Дүниежүзілік шизофрения туралы ақпараттандыру күніне орай ұйымдастырылып, «Gedeon RichterKZ» ЖШС мен Niettes әлеуметтік-азаматтық алаңының қолдауымен өтті.
Төтенше жағдай • 29 Мамыр, 2025
Ақтөбе облысында екі бала терезеден құлап кетті
Облыстық полиция департаменті соңғы тәулікте Ақтөбе облысында үш және бес жастағы балалардың көп қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап кеткенін хабарлайды. Оқиға 27 мамыр күні болған. Біреуі облыс орталығында, екіншісі Алға қаласында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 28 Мамыр, 2025
«Қиял әлемі» көзден ғайып болды
Шымкентте ширек ғасырдан астам халыққа қызмет көрсеткен аттракциондар паркі «Қиял әлемі» саябағы қызметің біржолата тоқтатты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Жастар • 28 Мамыр, 2025
Қоғамда вейп пен электронды шылымға әуестенетіндердің саны артқан. Олардың дені жастар мен жасөспірімдер. Адам денсаулығына аса қауіпті саналатын қолайсыздықпен күрес туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Роза Тәтиева мәлімдеді.
Парламент • 28 Мамыр, 2025
Мәжіліске Германия Парламенті жоғары палатасының басшысы келді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыс • 28 Мамыр, 2025
Шерзат ісі: Сотқа сенімсіздік туды
Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың қазасына қатысты өтіп жатқан сот процесі қызу талқылануда. Іс бойынша басты сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұмат Әбенов бүгінгі отырыста судья Ержан Жанұзақовқа сенімсіздік білдіріп, оны істен шеттету туралы өтініш жасады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет • 28 Мамыр, 2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесу өткізді.
Елорда • 28 Мамыр, 2025
Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды
Астана қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи және мәдени байланыстардың, одақтастық пен тату көршіліктің символына айналған Мәңгілік достық аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Экология • 28 Мамыр, 2025
Арал теңізінің құрғаған түбін көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Елемесов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Роберт Фридландты қабылдады
Мемлекет басшысы Ivanhoe Mines Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің атқарушы тең төрағасы Роберт Фридландты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 28 Мамыр, 2025
«Бірыңғай терезе» фармацевтика саласын неге алаңдатып отыр?
Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бір қарағанда елеулі серпіліс әкелетіндей. Бірыңғай цифрлық платформабизнесті бюрократиядан арылтып, тіркеуді, сараптаманы, баға белгілеуді және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізуді біріктіреді. Дегенмен сарапшылар мен кәсіпкерлер жобаның ойдағыдай іске асатынына күмәнді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Мамыр, 2025
Димаш Құдайберген Алматыда тыңдармандарымен жүздесті
26 мамыр күні Алматыда әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «D and Dears» атты жанкүйерлермен кездесу кеші өтті. Шараға түрлі елдерден мыңдаған тыңдарман қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 28 Мамыр, 2025
«Италия – Қазақстан» іскерлік форумында 10 меморандум жасалды
Бүгін Astana International Forum аясында ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан-Италия сауда қауымдастығы (ACIK) және екі ел Елшіліктері бірлесіп ұйымдастырған «Италия – Қазақстан» іскерлік форумы өтті. Іс-шара екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау, іскерлік байланыстарды нығайту және қосылған құн тізбегі бойынша – логистика мен өнеркәсіптік кооперациядан бастап жоғары технологиялар мен «жасыл» энергетикаға дейін – бірлескен жобаларды іске қосу үшін маңызды алаңға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 28 Мамыр, 2025
Жазғы демалыс және балалар қауіпсіздігі
Жаз айлары – балалық шақтың ең жарқын, қуанышты кезеңі. Күннің жылы сәулесі, таза ауа, суға шомылу мен табиғат аясында өткізілетін уақыт балалардың денсаулығын жақсартып, көңіл-күйін көтереді. Дегенмен, бұл кезеңде қауіпсіздік мәселесіне аса мән беру қажет. Қайғылы оқиғалар, өкінішке қарай, дәл осы уақытта орын алып жатады. Бүгін біз жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі ережелеріне тоқталамыз.
Жастар • 28 Мамыр, 2025
Мейірім мен міндетті тоғыстырған ерлі-зайыпты ветеринар мамандар
Ертеде мал қонысының қамымен жайлау, күзеу, көктеуге көшіп, қыстауға қонған жұрттың ұрпағы үшін мал амандығы - әманда маңызды мәселе. Бүгінде тұрмысты түзеп, тіршілікті жалғайтын төрт түлік шаруашылығы – экономиканың да драйверіне айналған. Жайылымды малға, төскейді төлге толтыратын тармақты сала – ветеринария болса, оның тұралауы, саладағы маман тапшылығы өз деңгейінде мемлекет дамуын да тежейді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 28 Мамыр, 2025
Аса ірі алаяқтық жасаған ер адам Мәскеуде ұсталды
Ресей Федерациясы аумағында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 28 Мамыр, 2025
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қашан өседі
Қазақстандықтар үшін зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың қашан өсетіні туралы сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Мамыр, 2025
Қазақстан-Италия бизнес форумы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов сауда және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан-Италия бизнес-форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Германия Бундесратының Президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • 28 Мамыр, 2025
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі талқыланды
ҚР-ның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Сонымен қоса, аталған отырысқа ҰҚШҰ қорғаныс ведомстволарының басшылары, Ұйымның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов және Біріккен штаб бастығы генерал-полковник Андрей Сердюков қатысып, ұйымның жауапкершілік аймағындағы әскери-саяси жағдайды, оның мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Мамыр, 2025
Мектеп бітіру кешіндегі өлім. Министрлік түсініктеме берді
Алматы облысында мектеп бітіру кешінде оқушыны шампурмен жаралап, оның өліміне әкеп соқтырған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыған байланысты бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Мамыр, 2025
Еліміздің Шығыс Қазақстан облысында күн күрт суытып, Риддер қаласына қар түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.