
Қорғаушы түске дейінгі сот отырысында іске тіркелген бейнежазбаның сараптамасында сәйкессіздіктер бар екенін алға тартып, осы мәселеге байланысты сарапшыны сотқа шақыру қажеттігін айтты. Алайда судья Ержан Жанұзақов бұл ұсынысты қабылдамай, өтінішті қанағаттандырмады.
Осыған байланысты адвокат Жұмат Әбенов судьяға сенімсіздік білдіріп, істі жүргізуден шеттетуді сұрады. Аталған өтінішті Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асқарбек Бейімбетов қарады. Ол қорғаушының уәждерін негізсіз деп танып, судья Жанұзақовты істен шеттету туралы өтінішті қабылдамады.
Қазіргі таңда сот процесі жалғасып жатыр. Қоғам назарын аударған бұл іс бойынша келесі отырыста жаңа дәлелдер мен куәгерлер тыңдалуы мүмкін.