Заң • 28 Мамыр, 2025

Аса ірі алаяқтық жасаған ер адам Мәскеуде ұсталды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясы аумағында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Аса ірі алаяқтық жасаған ер адам Мәскеуде ұсталды

Фото: polisia.kz

Күдікті 13 жыл бұрын жалған құжатты пайдаланып Қазақстандағы банктердің біріндегі жинақ шоттарынан ірі көлемде ақшаны заңсыз жолмен алған. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің сұранысы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан аумағына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта онымен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Он үш қыздың ерлігі

Әдебиет • Бүгін, 07:45

Болған ана күмбезі

Мирас • Бүгін, 07:40

3D-принтермен салынатын мектеп

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Жаңа браузер пайда болады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:27

Алматыда жаппай жол апаты болды

Төтенше жағдай • Кеше