
Сондай-ақ шомылу маусымы басталмай жатып, екі баланың суға кеткен дерегі тіркелді. Оның бірі Шалқар ауданында, екіншісі облыс орталығында орын алды. Шалқар ауданында рұқсат етілмеген жерде суға түскен 15 жастағы жасөспірім, Ақтөбе қаласында ата-анасымен Елек өзені бойына демалысқа барған бес жастағы бүлдіршін абайсызда суға құлап, оны ағыс ағызып алып кеткен.
Жаз басталмай жатып, қайғылы оқиғалардың жиілеуіне байланысты төтенше жағдайлар департаменті мен полиция басқармасы қызметкерлері жазғы каникул кезінде ата-аналардан балалардың жеке бас қауіпсіздігіне тікелей жауапты екендіктерін ескертеді.
Ақтөбе облысы.