
Фото: ОКҚ
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арал теңізінің құрғаған түбінде жалпы ауданы 1,1 млн га сексеуіл отырғызылып жатыр.
Спикердің айтуынша 2021-2024 жылдары Арал теңізінің құрғақ табанында 475 мың га көлемдегі жұмыстар орындалды. Екпе материалымен қамтамасыз ету үшін 33 га алаңда қуаттылығы 3 млн қара сексеуіл көшеті орман тәлімбағының құрылысы аяқталған.
«Былтыр Арал теңізінің құрғатылған түбінде жұмыстар жүргізу үшін бюджеттен тыс қаражат тартылды. Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорны «КАТКО» 2,2 млрд теңге, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 420 млрд теңге бөлді», деді М.Елемесов.
Ал биыл жалпы ауданы 120 мың га галофитті өсімдіктерге тұқым отырғызу аяқталған және 11 830 га аумаққа қара сексеуіл отырғызылған. Бұдан басқа, Экология министрлігі ұлттық және басқа да ірі компаниялардан қаражат тарту мәселесін пысықтап жатыр.