Форумның басты тақырыбы – «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕЭО: Жасанды интеллектке иек арту».
Жиынның басты оқиғасы ЕЭО мемлекеттерінің көшбасшылары мен Халықаралық делегациялар басшыларының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс болмақ.
Форумға 1250-ге жуық кәсіпкер, Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен бақылаушы мемлекеттердің 350-ден астам мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдардың 130-дан астам өкілдері, сондай-ақ АҚШ, Қытай, Әзірбайжан, Вьетнам, Египет, Моңғолия, Түрікменстан, Тәжікстан және басқа да елдерден 70-ке жуық делегаттар қатысады деп жоспарлануда.