Ару
Сенат • 27 Ақпан, 2024
Сенаторлар су мәселесін талқылады
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Қызылорда облысында болып, «Су ресурстары: тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелері мен перспективалары» тақырыбында көшпелі отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Ақпан, 2024
Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмекке келді
Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетті, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Ақпан, 2024
«Қару кезенген». Қарақшылық жасаған күдікті ұсталды
Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Ақпан, 2024
Жоғалып кеткен шетел азаматы бір айдан кейін табылды
Жоғалған Өзбекстан азаматы Ақмола облысында табылды. Полиция Өзбекстан Республикасының хабар-ошарсыз кеткен азаматы Рахманқұлов Құлмаханбет Абдухалилұлын іздестіруді сәтті аяқтады, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 23 Ақпан, 2024
Жылқы іздеп шыққан. Жоғалған төрт адам табылды
Ақтөбе облысының құтқарушылары мен еріктілері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамды тапты, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 22 Ақпан, 2024
Құтқарушылар шетелдіктерге көмектесті
Қостанай құтқарушылары боранды күні автобус бұзылып, жолда қалған шетелдіктерді эвакуациялады, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
«Далаға түнеген». Адасып кеткен екі адам табылды
Солтүстік Қазақстан облысында үйірлі жылқыны іздеуге шығып, адасып кеткен екі адам табылды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 21 Ақпан, 2024
Суға батқан баланы аман алып қалған құтқарушылар марапатталды
Алматыда 18 ақпан күні бала өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен лейтенант Абиров Серік марапатталды. Подполковник Қасенов Талғат пен майор Ілияс Серік ҚР ТЖМ Алғыс хатын алды. Министр атынан марапатты Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев табыстап, алғыс білдірді. Сондай-ақ баланың әкесі ТЖД-ға арнайы келіп, құтқарушыларға отбасының атынан алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Қазақстандағы 217 ауылда су тасқыны қаупі жоғары - Премьер-министр
Үкімет басшысы Олжас Бектенов елде көктемгі су тасқынына қарсы атқарылуы тиіс 218 тапсырманың 92 -сі әлі күнге орындалмай отырғанын айтты. Сондай-ақ Премьер-министр қазірдің өзінде республикадағы кей ауылдар мен көшелердің су басқанын баса айтты. Жауаптыларды жұмысқа селқос қарамауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
«80 шақырым ұзап кеткен». Жоғалған 4 адам табылды
Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен адамдар табылды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
1981 жылы туған Павлодар облысындағы Ақтоғай ауылының тұрғыны балыққа кетіп бақилық болды. Ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайта оралмаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
Адам ұрлап, терроризмді насихаттаған 8 қылмыстық топ ұсталды (видео)
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 8 өңірде Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратурамен бірлесіп арнайы операция жүргізді. Бір мезетте жүзеге асырылған іс-қимыл кезінде 8 қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2024
Екі бала өз бетімен шыққан. Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды
Бүгін таңғы сағат 03:30 шамасында Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
Ұлттық ұлан сержанты қарияны құтқарып қалды
Оқиға 15 ақпан күні сағат 11:00 шамасында болды. Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің 1 атқыштар ротасы бақылаушыларының 2 взводының маманы бақылаушы сержант Болат Ысқақов Қостанай қаласының Қайырбеков көшесі, 385 мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің бірінен шыққан түтінді байқаған.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Эвакуацияланғандар саны 140-қа жетті: Көкпектіде құтқару жұмыстары әлі де жалғасады
Абай облысы Көкпекті ауданында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 16 Ақпан, 2024
Жұмыртқа құнына шекті баға қою ұсынылды
Сауда комитеті нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу мақсатында жұмыртқаға шекті баға қоюды ұсынды. Мамандар осы мақсатта құс өсірушілер одағы мен еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының, құс фабрикаларының басшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2024
Елімізде 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде 110 су шаруашылығы нысанын жөндеуден өткізуге ниетті. Бұл тасымалдау кезіндегі су шығынын азайтуға және суармалы алқаптарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған: Алматыда қару жасырылған 3 орын табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысында қару жасырылған 3 орынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиесі ұзартылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Жиында құрғақшылықтан және артық ылғалдан зардап шеккен шаруаларға көрсетілген қолдау шаралары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушы • 10 Ақпан, 2024
8 құтқарушы 18 шақырым жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келді
Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар ауданының әкімшілік орталығы саналатын Қандыағаш қаласынан 8 құтқарушы 18 шақырым қашықта орналасқан Басшили ауылына дейін жаяу жүріп, кейуанаға көмекке келген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2024
Біреуі дін аман. Түркістан облысында жоғалған екі азамат табылды
Түркістан облысында 7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кетті, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 08 Ақпан, 2024
Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кетті
Үкімет қаулысымен ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
Атышулы қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Ақпан, 2024
Алматыдағы лай көшкіні: Оқиға орнына қала әкімі барды
8 ақпан сағат 02:20-да Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Тау Самалы шағынауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай болды. Аталған аумақта лай көшкіні жүріп, 4 адам іздестіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Ақпан, 2024
Алматыдағы лай көшкіні: 4 адам іздестіріліп жатыр
8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағынауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 06 Ақпан, 2024
Батыл шешім, нық қадам жасайтын кез келді - М.Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында ел Үкіметінің алдында тұрған мақсат-міндеттер туралы ойын жазып, үлкен жауапкершілік жүктелгенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Ақпан, 2024
«Құтқарушылар үшін қауіпті». «Майқайыңалтын» кенішінде іздеу жұмысы тоқтатылды
3 ақпан күні «Майқайыңалтын» кенішінде автобус құлап кеткен ойықта терең шұңқыр пайда болғаны хабарланған еді. Мамандар шұңқырды зерттеу нәтижесінде, ойықта жұмыс істеу құтқарушылардың өміріне қауіп төндіретінін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2024
Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге жәрдемдесу туралы Меморандумға қол қойылды
Алтыншы жыл сайынғы «Digital Almaty 2024: Х Индустриясы – Болашақтың цифрлық эволюциясы» халықаралық форумының алаңында Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) атқарушы дирекциясы мен Freedom Holding Corp. арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2024
Қонаев қаласында тамшылатып суару жүйелерінің қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыт ашылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
«Майқайыңалтын»: Іздестіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны айтылды
«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылған жердің түбінде габаритті емес тас толығымен бөлшектелген. Оның ұзындығы 8 метрді, ені 7 метрді, қалыңдығы шамамен 2 метрді құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.