Оқиға • 19 Сәуір, 2024

Жараланған полицей қарулы адамды ұстады

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында полиция қызметкері қарулы адамды ұстады. Шақырту бойынша келген полицейге агрессор оқ атып үлгерген, деп жазады Egemen.kz.


Жараланған полицей қарулы адамды ұстады

Фото: polisia.kz

Оқиға 17 сәуір күні Алматы облысындағы елді мекендердің бірінде болған.

Тәртіп сақшысы жараланғанына қарамастан қарулы адамды қолға түсіре алды.

«Ұсталған адам мас күйде болған. Күдіктінің іс-әрекетінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар деп танылды», делінген полиция басқармасының хабарламасында.

Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.