Оқиға • 03 Мамыр, 2024

Алматы облысында аспанға оқ жаудырғандар ұсталды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Қарасай ауданының Көксай ауылында сарбаздарды әскерден күтіп алу кезінде қарудан оқ атылған. Облыстық Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған видео ізімен қоғамдық тәртіпті бұзғандарды ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында аспанға оқ жаудырғандар ұсталды

Фото: Скриншот_Алматы облысының ПД

Оқиға 30 сәуір күні болған. 

Осы жайт бойынша тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді.

«Қарулар тиісті сараптамаға жолданды. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.