Қоғам • 10 Мамыр, 2024

Су тасқыны: Қанша бас мал қырылды, шығын қалай өтеледі?

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдің су басқан өңірлерінде тасқын кезінде 9 761 бас мал қырылған. Қазір шығынды өтеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдар Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқыны: Қанша бас мал қырылды, шығын қалай өтеледі?

Фото: БҚО ветеринария басқармасы

Министрдің мәліметінше, қазір өңірлердегі мал шығынын есептейтін комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия шешімімен құжаты бар қырылған малдың шығыны бюджет есебінен өтеледі. 

«Тасқын су аумағынан 138 800 бас мал құтқарылды. Одан бөлек, 9 761 бас мал қырылды, өлекселердің 98%-ы жойылды. Тіркелмеген мал шығындары қордың, демеушілердің есебінен өтеледі. Бүгінде 4 801 бас мал шығыны өтелді, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», деді Айдар Сапаров.

Сондай-ақ 4 801 бас мал шығынын өтеуге 1 миллиард 198 миллион теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар

Күзгі қомырған

Мирас • Кеше

Иткөйлек

Оқиға • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Жастар белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» • Кеше