Қазақстан • 29 Мамыр, 2024

Беларусьтің Әскери академиясында Қазақстанның Әскери өнер аудиториясы ашылады

84 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Беларусь Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Виктор Хренин Астана қаласына ресми сапармен келді. Дәстүр бойынша беларусь елінен келген қонақ «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп жазады Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Беларусьтің Әскери академиясында Қазақстанның Әскери өнер аудиториясы ашылады

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Беларусь мемлекетінен келген әріптесін Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қарсы алды.

щ

Айта кетейік, биыл Беларусь Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүшелікке қабылдау рәсімдерін аяқтады. Осыған байланысты Қазақстанның Қорғаныс министрі Беларусь елінің толыққанды мүше мәртебесін алуы ұйымға жаңа серпін беретініне сенім білдірді. 

Кездесу барысында генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен генерал-лейтенант Виктор Хренин жауынгерлік дайындық, бірлескен оқу-жаттығулар, әскери-спорттық жарыстар өткізу мәселелерін талқылады. 

«Қазақстан Беларусь Республикасымен қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән береді. ТМД, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде Қазақстан мен Беларусь қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерінде өзара белсенді іс-әрекет жасайды. Қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың бұл түрі Қазақстан мен Беларусь арасындағы сенім мен достық қатынастарды нығайтуға, оған қоса өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді», деді генерал-полковник Р. Жақсылықов.

щ

Тараптардың айтуынша, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – әскери білім беру. Беларусь әскери жоғары оқу орындарында Қазақстан офицерлері мен курсанттары білім алып жүр. Жуырда Беларусь Республикасының Әскери академиясында Қазақстан Республикасының Әскери өнер аудиториясы ашылмақ.

щ

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов әріптесіне Беларусь суворовшылары алғаш рет қатысатын «Айбын» X Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдірді. 

Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық жоспарын іске асырудың жоғары қарқынын атап өтіп, Қазақстан мен Беларусь қарулы күштерінің әскери әуеайлақтарында әскери әуе кемелерін қабылдауды, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етуді және күзетуді ұйымдастыру туралы келісімге қол қойды. Сапар аясында Виктор Хренин Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Онда жоғары оқу орнының оқу-материалдық базасымен танысып, Беларусь әскери өнер аудиториясын аралады.

з

 

Соңғы жаңалықтар

Алғыс арқалаған хирург

Маман • Бүгін, 10:10

Қатерлі ісікпен алысқан

Медицина • Бүгін, 09:50

Үздік отбасылық дәрігер

Медицина • Бүгін, 09:40

Марқакөлдің мейіргері

Медицина • Бүгін, 09:30