Оқиға • 29 Мамыр, 2024

Астанада мектеп оқушысы суға бата жаздаған баланы құтқарып қалды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың 11-сынып оқушысы Марлен Көшербай ерлігімен көзге түсіп, өзенге бата жаздаған бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада мектеп оқушысы суға бата жаздаған баланы құтқарып қалды

Фото: Астана әкімдігі

Марлен Көшербай  - №52 мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы.

12 мамыр күні сағат 11 шамасында Марленді қарындасы оятып, өзенге бір баланың батып бара жатқанын жеткізген. Марлен бірден үйдің жанындағы өзенге қарай жүгіріп, суға батып бара жатқан бүлдіршінді аман-есен шығарып алды.

Бейбіт заманның батыры өз сөзінде кішкентай баланың өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын көргенде, ойланбастан көмекке ұмтылғанын айтты.

Бүгін Марлен көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Астана қаласы білім басқармасы мен Ақмола облысының ТЖ департаментінің атынан марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше